Kyzylorda-news.kz. Қазақстан Республикасы Президенттінің «Әкімдердің халықпен кездесулерін өткізу туралы» Жарлығын орындау мақсатында бүгін Жалағаш ауданы әкімі Асқарбек Есжанов тұрғындарды жеке мәселелері бойынша қабылдады.

Жеке қабылдауға келген тұрғындар аудан әкіміне өтiнiш-тiлектерiн жеке-жеке жеткізіп, мәселелерiнiң оң шешiмiн табуына ықпал жасауды сұрады.

Жеке қабылдауда кезектілік ретімен жазылған жалпы саны 7 азаматтың өтініші қаралды. Азаматтар тұрғын үйге газ кіргізу, кәсіпкерлік мақсатта жер учаскесін алу, жұмысқа орналастыру секілді мәселелер көтерді.

Ауданның әрбір тұрғындары тарапынан айтылған мәселелерді мұқият тыңдаған аудан басшысы заңдылыққа сәйкес түсініктеме берді. Сонымен қатар, тиісті сала мамандарымен бірге зерделеп, заңдылығына қарай шешім қабылданатынын жеткізді. Сондай-ақ, осы мәселелер бойынша ауданның жауапты бөлім, мекеме басшыларына, кент, ауыл әкімдеріне нақты тапсырма берді.

Аудан әкімі Асқарбек Есжанов тұрғындар тарапынан айтылған мәселелердің барлығы өзінің тікелей бақылауында болатындығын және жақын уақыт аралығында заңдылығы бойынша шешімін табатынын жеткізді.
 

13.jpg

14.jpg

Тағы да оқыңыз: