Kyzylorda-news.kz. Жалағаш ауданында жол көлік оқиғаларының алдын алу мақсатында атқарылған жұмыстар өз жемісін беруде. Бұл сөзімізді соңғы жылдары ауданда жол апатының азаюы қуаттайды. Жалағаш аудандық полиция бөлімінің қызметкерлері жол қозғалысы қауіпсіздігін қамтамасыз ету өзекті мәселелердің бірі екенін жақсы біледі және оны қамтамасыз етуді өздерінің басты міндеті деп біледі. 2023 жылдың 6 айында аудан көлемінде жол көлік оқиғалары 36,4 пайзға, яғни 11-ден 7-ге, жарақат алғандар 40 пайызға, яғни 15-тен 9-ға азайған. Ал былтыр жол апатынан 2 адам көз жұмса, биыл қайтыс болғандар тіркелмеген. 

Жалағаш аудандық полиция бөлімі қызметкерлері жол көлік оқиғаларының негізгі себептері жүргізушілер мен жаяу жүргіншілердің жол қозғалыс ережелерін өрескел бұзуымен байланыстырады. Биыл алты айда қайтыс болған адамдар болмағанымен кент және ішкі жолдарда жол-көлік оқиғалары салдарынан жарақат алғандар 25 пайызға (4-тен 5-ке), жарақат алғандар 50 пайызға (4-тен 6-ға) өскен. Республикалық және облыстық жолдарда соңғы 2 жылда болған жол көлік оқиғалары зерделеніп, басты себептері жүргізушілердің жылдамдықты шамадан тыс асыруы, қарсы бағытқа шығу, маневр ережесін бұзу және ұйықтап кету екендігі анықталған. «Самара-Шымкент» автожолындағы автокөлік қозғалысының көбеюі де себеп болған, қазіргі таңда бұл жолдан тәулігіне 10 мыңға жуық көлік өтеді.

Барлық жол көлік оқиғаларының 33-і немесе 64 пайызы төрт түлік малды қағу дерегімен орын алса, одан 8-і дене жарақатын алды. Алдын алу мақсатында жолдың белгіленбеген орнынан өткен 151 (2021ж.-447) ауыл шаруашылық жануарларының жаю қағидаларын бұзу деректері және жол белгілерін талаптарын сақтамаған 286 (2021ж.-253) жүргізушілер әкімшілік жауапкершілікке тартылған. Орталық көшелер бойында орналасқан мектептер жанындағы жаяу жүргіншілер өткелдеріне оқуға келіп-кету кезінде патрульдік және ювеналды полиция инспекторлары қызмет атқаруда. Жалағаш ауданында жол апаттарының алдын алу мақсатында атқарылған жұмыстар аз емес. жылдың алғашқы алты айында жол ережесін бұзудың 1138 (2021ж.-845) дерегі анықталса, оның 623-і жол апатына тікелей әсер ететін өрескел құқық бұзушылықтар болып табылады (немесе 32,6%). Оның ішінде 13-і көлікті мас күйінде басқару, 292-сі көлік құралын басқаруға құқы жоқ немесе құжатсыз  басқарғаны  анықталды. Жол жүрісіне қатысушыларға қойылатын өзге де талаптарды бұзу бойынша 80 (114), жаяу жүргіншіге жол бермеудің 8 (12), ұялы телефонмен сөйлесу 14 (29), қауіпсіздік белдігін тақпау 24 (37) дерегі анықталса, жаяу жүргіншілермен 51 (34) жол ережесі бұзылған.

Жол қозғалысын ұйымдастыру, апаттылықтың алдын алу мақсатында автомобиль жолдары мен жол қозғалысын реттейтін техникалық құрылғылардың жай-күйі жөнінде аудандық жергілікті атқарушы органдарға 15 (2022-17) хабарлама-ұсыныстар, 105 (2022-100) нұсқамалар жолданып, тиісті жол мекемелерімен жаңадан 38 жол белгілері орнатылып, 17-сі қайта қалпына келтірілген, аудан көлемінде 30 шақырым жол жөнделді, 1,6 шақырымды құрайтын (Қазбекби, Желтоқсан көшелері) жасанды жарық жүйелері жүргізілді, кент аумағында 10 көше күрделі жөндеуден өткізіліп, жанартылды.

Қазіргі таңда 2023 жыдың 6 ай қорытындысымен жол апатталығының барлық көрсеткіштері төмендеген. Қайтыс болғандар ауданда 100 пайызға (2-ден 0-ге) төмендесе, ЖКО саны 36,4 пайызға, 11-ден 7-ге, жарақат алғандар 40 пайызға, 15-тен 9-ға, оның ішінде республикалық жолдарда 100 пайызға, елді мекендерде 50 пайызға 2-ден 1-ге азайған, ауыларалық ішкі жолдарда қаза тапқандар жоқ (2022 ж. 1). Жылдамдықты асыру себебінен болған жол көлік оқиғаларында қайтыс болғандар орын алмаған.

Былтыр балаларды қатысуымен 3 жол көлік оқиғаларынан 3 бала дене жарақатын алса, ағымдағы жылы 2 бала жарақат алған. 2023 жылдың 6 айында барлығы 7 жол көлік оқиғалары орын алған. Оның ішінде «Жосалы-Жалағаш» тас жолында 1,  аудан аралық тас жолдарда 2, кент орталығында 4 жол апаты орын алған. Дене жарақатын алғандардың саны тоғызға жетті. Оның «Жосалы-Жалағаш» тас жолында біреуі, кент ішінде алты адам, ауданаралық тас жолдарда 2 (4-әйел азаматша, 1-ересек азамат, 2-жасөспірім) дене жарақатын алған.

Тағы да оқыңыз: