Kyzylorda-news.kz. Бүгін «Өзгерістер жолы: әр азаматқа лайықты өмір» атты «АМАNAT» партиясының сайлауалды бағдарламасын іске асыру жөніндегі Жалағаш ауданы бойынша Жол картасының 2022 жылға орындалуы туралы Жалағаш аудандық мәслихаттағы «AMANAT» партиясы депутаттық фракциясының отырысы өтті.

Фракция отырысын Жалағаш аудандық мәслихатындағы «AMANAT» партиясы фракцияcының жетекшісінің орынбасары А.Кенжебаев ашып, жүргізді. Фракция отырысына фракция мүшелерінің депутаттары, сонымен бірге «AMANAT» партиясы атынан сайланған аудандық мәслихат хатшысы Гүлзат Ердаулетқызы, партияның сайлауалды бағдарламасын іске асыру жөніндегі Жалағаш ауданы бойынша Жол картасының орындалуына жауапты бөлім басшылары мен жауапты мамандары қатысты.

Күн тәртібіндегі мәселе бойынша Өзгерістер жолы: әр азаматқа лайықты өмір» атты «АМАNAT» партиясының сайлауалды бағдарламасын іске асыру жөніндегі Жалағаш ауданы бойынша  Жол картасының 2022 жылға орындалуы туралы Жалағаш аудандық экономика және бюджеттік жоспарлау бөлімінің басшысы Жұпар Баймаханова хабарлама жасады.

«Өзгерістер жолы: Әр азаматқа лайықты өмір!» атты «AMANAT» партиясының сайлауалды бағдарламасын іске асыру жөніндегі Жалағаш ауданы бойынша жол картасы 7 бағытты қамтитын 19 индикатор және 87 іс-шарадан тұрады. 2022 жылдың 11 айында 87 іс-шараның 82-і немесе 94,3 пайызы толықтай орындалды, 5 іс-шараның (5,7 пайызы) мерзімі бар.

«Экономикалық тұрақты аймақ» бағыты 16 тармақты қамтиды. Бұл бағыт аясында аудан кәсіпкерлерінің жеке қаражат есебінен 2022 жылға жоспарланған жобалар жүзеге асырылуда. 

Биылғы жылы Кәсіпкерлікті дамыту жөніндегі 2021-2025 жылдарға арналған ұлттық жобасы аясында қысқа мерзімді оқуға 29 адам жолданып, жоспар толығымен орындалды. Төленген қаржы 6,5 млн теңге. 

Мемлекеттік және өңірлік бағдарламалар аясында шағын және орта кәсіпті бастау немесе жұмыс істеп тұрған кәсібін әр қарай дамыту бағытында 417 жоба 2 млрд 822,0 млн. теңгеге қаржыландырылып, 430 адам жұмыспен қамтылды. Жалағаш кентіндегі «Ақниет» дүкенінен әлеуметтік бұрыш ұйымдастырылған. Жеке кәсіпкер Байконур СПК-мен меморандумға отырған. Әлеуметтік қолдауды қажет ететін отбасыларына әлеуметтік маңызы бар азық-түлік өнімдері (ұн, шемішкі май, қант, макарон) нарықтан төмен бағада сатылуда. 

2022 жылдың 1 желтоқсанына мал шаруашылығын дамыту бағытында мүйізді ірі қара басы (МІҚ меже-37 800 бас, нақты орындалғаны-38 206 бас) 1,1 пайызға, жылғы 37,9 пайызға, түйе 2,5 пайызға артқан. Нәтижесінде аудан бойынша асыл тұқымды малдың үлес салмағы 2 пайызға жетті. 

2022 жылдың 11 айында аудан бойынша жұмыс жасап тұрған шағын және орта кәсіпкерлік субъектілер саны 2845 немесе 94,1 пайызды құрады.  

«Жайлы аудан» бағыты бойынша 2022 жылы аудан бюджетіне ҚР Ұлттық қорынан берілетін кепілдендірілген трансферт және облыстық бюджет есебінен аудандық маңызы бар Бұқарбай батыр елді мекеніне кіреберіс автомобиль жолын орташа жөндеуге – 196,6 млн теңге қаржы бөлініп, жөндеу жұмыстары толық аяқталды. 

Аудандық маңызы бар «Самара-Шымкент-Еңбек-Есет батыр» автомобиль жолының 17,1 шақырымын орташа жөндеу жобасын бастауға 100 млн теңге қаржы бөлініп, жұмыстар жүргізілуде. Жоба өтпелі. 2023 жылы жобаны толық аяқтауға 196 млн теңге қаржысы толық шешілген.

2022 жылы «Ауыл-ел бесігі» жобасы аясында М.Шаменов ауылындағы жалпы құны 121,8 млн.теңгені құрайтын 9 көшені орташа жөндеу жұмыстары қазіргі таңда толығымен аяқталды. Ұлттық сапа орталығынан тексеру күтілуде. Мырзабай ахун ауылындағы жалпы құны 131,5 млн.теңгені құрайтын 2 көшені күрделі жөндеу жұмыстары толығымен аяқталды. Мердігер тарапынан жұмыстар уақытында орындалмауына байланысты сот отырысы күтілуде. Еңбек ауылындағы жалпы құны 110,6 млн.теңгені құрайтын 3 көшеге күрделі жөндеу жұмыстары толығымен аяқталды. Мердігер тарапынан жұмыстар уақытылы орындалмауына байланысты сот отырысы күтілуде.

Облыстық бюджет есебінен Аққыр елді мекеніндегі А.Ахетов және Жаңадария елді мекеніндегі Абай көшелерін күрделі жөндеуге 72,2 млн теңге қаржы бөлінді. Жөндеу жұмыстары толығымен аяқталып, пайдалануға берілді. 

Облыстық бюджет есебінен Жалағаш кентіндегі Конституция және Н.Апрезов көшелерін орташа жөндеуге 28,2 млн теңге қаржы бөлінді. Қазіргі таңда Конституция көшесі толығымен аяқталды. Н.Апрезов көшесі желтоқсан айының аяғына дейін пайдалануға беріледі. 

Сонымен қатар, 2022 жылға бекітілген аудан бюджетінен «Ауыл-Ел бесігі» жобасы аясында алдағы жылдарға қаржыландыруға Жалағаш кенті, Бұқарбай батыр, Есет батыр, Аққұм, Ақсу елді мекендерінің инфрақұрылымын дамытуға, ішкі жолдарын жөндеуге жоба-сметалық әзірлеуге 24,2 млн теңге қаржы бағытталып, құжаттары әзірленді. 2023 жылға «Ауыл-Ел бесігі» жобасына Еңбек елді мекенінің ішкі 3 көшесін, Бұқарбай батыр елді мекенінің ішкі 3 көшесін орташа жөндеуге және Жалағаш кентінің Шәменов көшесін, Шәменов елді мекеніндегі Бұқарбай батыр көшесін күрделі жөндеуге облыстық бюджеттен 558,9 млн теңгеге қаржысы мақұлданды.

Республикалық бюджет есебінен кондоминиум объектілерінің ортақ мүлкіне күрделі жөндеу жұмыстарын жүргізу мақсатында Жалағаш кентіндегі 5 көппәтерлі тұрғын үйлерге күрделі жөндеу жұмыстарын жүргізуге республикалық бюджеттің ішкі заем есебінен 36,0 млн теңге қаржы бөлініп, жұмыстар толық аяқталды.

Еңбек және Есет батыр ауылдары аралығындағы ПК-16 көпірін қайта жаңғырту жұмыстарын жүргізуге 2021 жылға 59,7 млн теңге бөлініп, жөндеу жұмыстары жүргізілді. Жоба өтпелі. Биылғы жылы жобаны аяқтауға облыстық бюджет есебінен 79,6 млн теңге қаржы бөлінді. Қазіргі таңда көпір бетіне асфальт төселіп, көпір үстін қоршаулар орнатылып, сырлау жұмыстары жүргізілуде. Канал жиегіне темірбетон плиталар (откостар) орнатылуда. Суағарлар қойылуда. Үстіміздегі жылдың 30 желтоқсанына дейін жұмыстар толығымен аяқталады. Жоба құны 149,9 млн теңге.

Қазақстан Республикасы Ұлттық қоры есебінен Жалағаш кенті Ақтерек-170 га учаскесінен су ұңғымалары және су жинау-тарату кешенінің құрылысына – 361,2 млн теңге, Аққұм елді мекенінің су тарату жүйесінен аула ішілік су тарату желісін кеңейту, тұтынушыларға су тарату желісінің құрылысына 184,2 млн теңге, Мәдениет елді мекенінің су тарату жүйесінен аула ішілік су тарату желісін кеңейту, тұтынушыларға су тарату желісінің құрылысына 140,4 млн теңге бөлінді. 

Қазіргі таңда кенттегі Ақтерек учаскесіндегі су ұңғыма кешенінің құрылыс жұмыстары 90,0 пайызға аяқталса, Аққұм елді мекенінің су тарату желісін кеңейту жұмыстары аяқталуға жақын, Мәдениет елді мекенінің кеңейту жұмыстары 90,0 пайызға аяқталды. Жобалар өтпелі. 2023 жылға жобаны толық аяқтауға қаржысы шешілген. 

Сондай-ақ, кенттің жобаланған жаңа аймақтары «Ақтерек» 170 га тұрғын үй салу аумағын инженерлік инфрақұрылыммен қамтамасыз ету (электр, ауыз су желілері) жобаларына республикалық бюджеттен 577,8 млн теңге қаржы бөлінді. Қазіргі таңда құрылыс жұмыстары жүргізілуде. Жоба өтпелі. 2023 жылға қаржысы толық шешілген. Инфрақұрылымның газ, жол жобалары мемлекеттік сараптамадан өтіп, құжаттары дайын. 2023 жылға инфрақұрылымға газ желісін тартуға жалпы құны 601,0 млн теңге қаржысы мақұлданған. Тас жолдар құрылысы жобасының құны 2506,1 млн теңгені құрайды. 

2022 жылы Мәдениет және өнерді дамыту орталығы, Қ.Қазантаев атындағы мәдениет үйі кәсіпорны, аудандық қаржы бөлімі нысандарының жылу жүйесін газ отынына көшіру үшін облыстық бюджеттен 80,2 млн теңге қаржы бөлініп, жұмыстар толығымен аяқталды.

Ақсу елді мекенін орталықтандырылған газ желісімен қамтамасыз етуге жобалау-сметалық құжаттар әзірлеуге аудандық бюджеттен 2021 жылы 9,2 млн теңге бөлінді. Жобалаушы мекемесімен жоба-сметалық құжаты әзірленіп, мемлекеттік сараптамадан өтіп, құжаттары дайын. Жоба құны 545,0 млн теңге. Облыстық энергетика басқармасына бюджеттік өтінім тапсырылған. 

Биылғы жылы М.Шаменов елді мекенін газдандыру жұмыстарына жобалау-сметалық құжаттар әзірлеуге аудандық бюджеттен 7,6 млн теңге қаржы бөлінді. Қазіргі таңда жоба-сметалық құжаты әзірленіп, мемлекеттік сараптамадан өтуде. Сараптамаға дейінгі құны 660,0 млн теңге. 

Сонымен қатар, 2022 жылға республикалық бюджеттен «Ауыл-Ел бесігі» жобасына қосымша қаржы қарау мақсатында ауданнан Жалағаш кентіндегі «Ақмаржан», «Күншуақ», «№19 санаториялық бөбекжай» балабақша ғимараттарының жылу жүйесін газға ауыстыру жобаларына Қазақстан Республикасы Ұлттық қорынан бөлінетін кепілдендірілген трансферт есебінен 49,9 млн теңге бөлінді. Қазіргі таңда «Ақмаржан», «№19 санаториялық бөбекжай» балабақша ғимараттары толық газге қосылды. «Күншуақ» балабақшасының жұмыстары жалғасуда. Үстіміздегі жылдың 30 желтоқсанына жұмыстарды толық аяқтау күтілуде.

Жалағаш кентіне кіре-беріс облыстық маңызы бар автомобиль жолының бойына 12 гектер жасыл белдеу құру жобасының құжаттары дайын. Жоба құны 548,5 млн теңге. 2023 жылы республикалық бюджет есебінен қаржыландыруға ұсынылды.

Әлеуметтік бағдарланған аймақ бағыты бойынша 2 жастан 6 жасқа дейінгі балаларды мектепке дейінгі тәрбиемен 89,1 пайызға қамтуға қол жеткізілді.

Аудан мектептерінің 75,0 пайызы жаңа модификациялық кабинеттермен қамтамасыз етілген. 2022 жылы 5 пәндік кабинет (2 биология, 2 физика, 1 химия) алуға 40,7 млн теңге қаржы бөлініп, кабинетпен толық қамтамасыз етілді.
2022 жылы 5 мектепке 40,7 млн теңгеге бейнебақылау орнатылды.

2022 жылы ҰБТ-ға 358 мектеп бітірушінің 312-сы қатысты. Аудан бойынша қатысу пайызы 87,2 пайыз. Ауданның орташа балы – 81,2 балды құрады. 100 балдан жоғары жинаған 45 бітіруші.

Медициналық қызметтердің қолжетімділігі  көрсету сапасын арттыру мақсатында облыстық құрылыс басқармасы арқылы «Ауыл-Ел бесігі» жобасы аясында Таң елді мекенінде жоба құны 140,0 млн теңге болатын дәрігерлік амбулаторияның құрылыс жұмыстары аяқталып, пайдалануға берілді. 

Мырзабай ахун елді мекенінде жоба құны 431,0 млн теңге, Есет батыр елді мекенінде жоба құны 410,0 млн теңге болатын дәрігерлік амбулатория құрылыстары 2023 жылға «Нұрлы жол» бағдарламасына қаржыландыруға ұсынылды. Биылғы жылы инклюзивті білім беруге жағдай жасаған мектептің үлесі 80 пайызды құрап отыр. 2022 жылы 9 млн. теңгеге 3 инклюзивті кабинетпен қамтылды.   

Осы жылы облыстық бюджет есебінен стритбол алаңын салуға 11,5 млн теңге қаржы бөлініп, «Наркескен» спорт клубы ғимаратының жанынан стритбол алаңы салынып, пайдалануға берілді.

Биылғы жылы Аққыр, Бұқарбай батыр, Мырзабай ахун, Жаңаталап елді мекендеріндегі спорт алаңдарына ағымдағы жөндеу жұмыстарын жүргізуге аудан бюджетінен 19,0 млн теңге қаржы қаралып, жұмыстар толығымен аяқталды. Сонымен қатар, демеушілер есебінен Жалағаш кентінің Дәуімбай учаскесінен, Бұқарбай батыр, Есет батыр елді мекендерінен балалар ойын алаңдары пайдалануға берілсе, Таң елді мекенінен жабық спорт кешенінің құрылыс жұмыстары жүргізілуде.

2021 жылы «Ауыл - ел бесігі» жобасы аясында Жалағаш кентінен дене шынықтыру және сауықтыру кешені құрылысын салуға республикалық бюджеттен  217,1 млн теңге бөлінді.  Жобаны аяқтауға 2022 жылға республикалық, облыстық бюджет есебінен 199,7 млн тенге қаржы қаралып, жұмыстар атқарылуда. Жыл аяғына дейін пайдалануға беру күтіледі. Бұқаралық спортпен шұғылданатындар үлесі 34 пайызға жетті. Меже 32 пайыз.

Жастарға арналған аудан бағыты 7 тармақты қамтиды. Биылғы жылы 189 жас тұрақты жұмыспен қамтылған. Әлеуметтік салалар бойынша «Дипломмен ауылға» бағдарламасы арқылы 42 маманға тұрғын үй сатып алуға 192,9 млн теңге қаржы бөлініп, қаржысы толық игерілді. 

Жастар ресурстар орталығында Коворкинг орталығында түрлі форматтағы шаралаға қатыстыруға аудан жастарының 55 пайызы қамтылды.

Тарих пен мәдениетті дамыту бағыты бойынша партияның «Бақытты отбасы» жобасы аясында 19 қайырымдылық акциясы ұйымдастырылды. Аталған бағыт бойынша іс-шаралар бекітілген жоспарға сәйкес өткізілуде.

2022 жылы М.Шәменов елді мекеніндегі ауылдық мәдениет үйі ғимаратын күрделі жөндеуге «Ауыл-Ел бесігі» жобасы аясында ҚР Ұлттық қорынан бөлінетін кепілдендірілген трансферт есебінен 142,7 млн теңге қаржы бөлініп, жөндеу жұмыстары қарқынды жүргізілуде. Жыл аяғына дейін жұмысы толық аяқталады.

2023 жылға «Ауыл-Ел бесігі» жобасына Мырзабай ахун, Аққыр елді мекендеріндегі 100 орындық ауылдық клуб ғимараттары құрылысының жобасы қаржыландыруға ұсынылды. 

Сонымен қатар, Бұқарбай батыр елді мекеніндегі ауылдық мәдениет үйі ғимаратын күрделі жөндеуге ЖСҚ әзірлеуге жергілікті бюджеттен 3,2 млн теңге қаржы бөлініп, мемлекеттік сараптамадан өтуде.

Ашық және есепті жергілікті органдар бағыты бойынша 7 тармақ қамтылған. Электрондық форматта көрсетілетін мемлекеттік қызметтердің үлесі есепті мерзімде 80,4 пайызға жеткізілді. Меже 70,0 пайыз.

Қауіпсіз аудан бағыты бойынша 2022 жылы облыстық бюджет есебінен Шәменов елді мекеніне кіре-беріс аудандық маңызы бар автомобиль жолын жарықтандыруға 17,2 млн теңге және Жалағаш кентіндегі Қазбек би көшесінің көше жарық шамдарын қайта жаңғыртуға 22,8 млн теңге қаржы бөлініп, жұмыстар толық аяқталды.

2020 жылы Жалағаш кентінің «Дәуімбай» учаскесінен бір пәтерлі 3 бөлмелі арендалық 30 тұрғын үй құрылысына ЖСҚ әзірленіп, 3 бөлмелі арендалық 10 тұрғын үй құрылысына қаржы бөлініп, сол жылы құрылыстар толық аяқталып пайдалануға берілді. 

Қазіргі таңда жобаның қалған бөлігі бір пәтерлі 3 бөлмелі 20 тұрғын үй құрылысына облыстық құрылыс басқармасына бюджеттік өтінім жолданды.  

Сонымен қатар, демеушілік есебінен Жаңаталап, Т.Жүргенов елді мекендерінде әлеуметтік осал топ тұрғындарға 7 тұрғын үй құрылысы салынды. Блогерлер және халықтың көмегімен Еңбек, Қаракеткен, Бұқарбай батыр, Мырзабай ахун елді мекендерінде тұрғын үйі өртенген азаматтарға 4 тұрғын үй сатып алынды. 

Осылайша, депутаттық фракция отырысының күн тәртібіне қойылған мәселе толық қаралды. Қаралған мәселелер бойынша отырысқа қатысушылар тарапынан түскен сауалдармен толықтырылып, жауапты бөлімдерге  көшірмесі хаттамалық ұсыныс негізінде жіберілетін болады.

Отырыс барысында Жол картада көзделген әрбір индикаторлар мен іс-шаралардың орындалуын басты назарда ұстауға, депутаттық фракция, партия филиалы жанындағы қоғамдық кеңестерде іс-шаралардың орындалу барысын қадағалау тапсырылды. 

1.jpg

Тағы да оқыңыз: