Kyzylorda-news.kz. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев өзінің «Жаңа Қазақстан: жаңару мен жаңғыру жолы» атты Қазақстан халқына жолдауында заң тәртібін күшейту және құқық қорғау қызметін жетілдіру мақсатында Прокуратура және Адам құқығы жөніндегі уәкіл туралы Конституциялық заңдар қабылдау қажеттігін атап өткен болатын.

2022 жылдың 5 қарашасында Президентпен 6 заңға қол қойылды. Соның бірі – «Қазақстан Республикасының Прокуратурасы туралы» Конституциялық Заңы. Еліміздің тарихында алғаш рет бұл заң Конституциялық мәртебесіне ие болды. Конституциялық заң адамдар мен азаматтардың құқықтары мен бостандықтарын қорғау бағытында прокуратураның құқық қорғау функциясын күшейтіп, прокурорлардың құзыретін кеңейтті.

Осы өзгерістерге сәйкес Жалағаш ауданының прокуроры Шыңғыс Есжанов жергілікті атқарушы, құқық қорғау және БАҚ өкілдерінің қатысуымен жиын өткізіп, онда Конституциялық заңның ерекшеліктері мен новеллаларына тоқталды.

Бұл ерекшеліктерге тоқталатын болсақ, жаңа заң бойынша Бас Прокурор Конституциялық сотқа жүгіну құқықығына ие болды. Бұл ерекше мүмкіндік арқылы Бас Прокурор Конституциялық сотқа нормативтік-құқықтық актілер бойынша ресми түсініктеме беру үшін жүгінеді, сондай-ақ Бас Прокурордың өтінішімен Конституция нормаларына қатысты ресми түсіндіруді талап етуге ұсыныстар енгізе алады.

Алғаш рет «Прокуратура туралы» Конституциялық заңмен прокурорларға елден заңсыз шығарылған сырттағы активтерді қайтарумен айналысу құзыреті берілді. Яғни, прокурорлар қылмыстық жолмен алынған кірістерді шетелден қайтару, оның ішінде қылмыстық процестен тыс мемлекеттің мүддесін білдіру бойынша халықаралық ынтымақтастық жөніндегі қызметті үйлестіру жұмысын іске асырады.

Жаңа заңмен прокуратураға кәсіпкерлік субъектілерін тексеру құқығы берілді. Бұл құзырет тек Қазақстан Республикасы Президентінің, Бас Прокурордың тапсырмасымен және олардың келісімі бойынша ғана жүзеге асырылатын болады.

Келесі ерекшелік – прокурорлар әкімшілік құқық бұзушылық туралы іс бойынша қосымша тексеріс жүргізуге, атқарушылық іс жүргізуге, жазаларды орындауға, прокуратураның талабы бойынша жүргізілетін тексерулерге, мемлекеттік құқықтық статистика және арнайы есепке алу мәселелері бойынша да жазбаша нұсқаулар беруге құқылы.

Сонымен қатар, Жаңа Заң бойынша прокурор шығаратын қаулылар нақтыланып, қосымша жедел-іздестіру іс-шараларын жүргізу туралы, күзетпен ұстау, жазасын өтеп жатқан, сондай-ақ пробация есебінде тұрған адамдарға қатысты тәртіптік жазалар мен көтермелеулердің күшін жою, лауазымды және өзге де адамның актісін немесе әрекетін тексеру не өтінішті қарау аяқталғанға дейін үш жұмыс күніне дейін тоқтата тұру, сот орындаушыларының заңсыз актілерінің күшін жою және прокурорлық қадағалау актісін мәжбүрлеп орындату туралы қаулы шығаратын болды және олар міндетті түрде орындалуға жатады.

Осыдан бөлек, прокуратура заңды бұзуға жол бермеу туралы түсіндірме енгізеді. Бұндай заңды түсіндіру шарасы тек ауызша және жазбаша ғана емес, жария нысанда да жүргізіледі.

Тағы бір ерекшелік прокурорлардың ақпаратқа қол жеткізу мүмкіндігі туралы. Прокурор өз құзыретіне сәйкес дербес деректерді және заңмен қорғалатын өзге де құпияны қорғау жөніндегі талаптарды сақтай отырып, ақпаратқа, мәліметтер мен құжаттарға және өзге де материалдарға, сондай-ақ мемлекеттік органдар мен ұйымдардың ақпараттық жүйелері мен ресурстарына қол жеткізуге құқылы. Яғни, қажеттілік туындаған жағдайда прокурор тиісті тәртіптерді сақтай отырып, кез келген ақпаратқа қол жеткізе алады.

Сонымен бірге бұл қабылданған «Прокуратура туралы» ҚР Конституциялық заңы алдағы уақытта елімізде адамдар мен азаматтардың бостандығы мен құқықтарын қорғау, әділ әрі құқықтық мемлекет құру жолындағы маңызды қадам болып табылатынын атап өтті.

Жиын соңында аудан прокуроры баспасөз өкілдерінің сұрақтарына нақты жауаптар берді.

3.jpg

Тағы да оқыңыз: