Kyzylorda-news.kz Аудан әкімі Ардақ Ибраимов құқық қорғау органдарының басшыларымен бірге тұрғындарды жеке қабылдады.

Жалағаш аудандық «Руханият» орталығының ғимаратында өткен жеке қабылдауға 30 азамат қатысты.

Қабылдауда тұрғындар көгілдір отынмен қамту, Жалағаш кенті мен ауылдық округтердің ішкі көшелеріне жөндеу жұмыстарын жүргізу, жұмысқа орналасу және кәсібін кеңейту мәселелері бойынша жүгінді.

Аудан әкімі мәселелерді сала мамандарымен мұқият зерделеніп, заңдылығына қарай шешім қабылданатынын жеткізді және жауапты бөлім басшыларына нақты тапсырмалар берді.

Көтерілген мәселелердің әрқайсысы жіті зерделеніп, жан-жақты талданып, шешім қабылданады.

Фото: Жалағаш ауданының әкімдігі

Тағы да оқыңыз: