Kyzylorda-news.kz Жалағаш ауданы әкімінің орынбасары Ғани Сүлейменов әлеуметтік қорғау жүйесі қызметкерлерін қабылдап, кәсіби мерекелерімен құттықтады.
«Сіздерді кәсіби мерекелеріңізбен шын жүректен құттықтаймын! Сіздер қоғамның ерекше қолдауды қажет ететін жандарға көмек көрсетіп, олардың өмір сүру сапасын жақсартуға зор үлес қосып келесіздер. Бұл – үлкен жауапкершілікті, сабырлылық пен жанашырлықты талап ететін маңызды мамандық. Қажырлы еңбектеріңіз, адамгершілік қасиеттеріңіз бен кәсіби адалдықтарыңыз үшін шынайы алғысымды білдіремін. Сіздерге зор денсаулық, отбасыларыңызға амандық, бақ-береке тілеймін! Халық игілігі жолындағы еңбектеріңіз жемісті болып, абыройларыңыз арта берсін! Әрдайым ел алғысына бөленіп, жаңа жетістіктерге жете беріңіздер!», – деді Ғ.Сүлейменов.
Іс-шара барысында сала ардагерлері де мерекелік лебіздерін білдіріп, ізгі тілектерін жеткізді. Кездесу соңында бірқатар сала ардагерлері мен қызметкерлері марапатталды.

