Kyzylorda-news.kz. Қазақстан Республикасы Президенттінің «Әкімдердің халықпен кездесулерін өткізу туралы» Жарлығын орындау мақсатында бүгін Жалағаш ауданы әкімі Асқарбек Есжанов тұрғындарды жеке мәселелері бойынша қабылдады.

Жеке қабылдауға келген тұрғындар аудан әкіміне өтiнiш-тiлектерiн жеке-жеке жеткізіп, мәселелерiнiң оң шешiмiн табуына ықпал жасауды сұрады.

Жеке қабылдауда кезектілік ретімен жазылған жалпы саны 7 азаматтың өтініші қаралды. Тұрғындар ауылдағы мектепке Ұлы Отан соғысының ардагерінің есімін беру, Мүсірәлі бабаға көше есімін беру, штат бірлігін көбейту, үйден оқыту, жұмысқа орналастыру, бірқатар азаматтар жер, үй және әлеуметтік мәселелерді көтеріп, ұсыныстарын ортаға салды.

Ауданның әрбір тұрғындары тарапынан айтылған мәселелерді мұқият тыңдаған аудан басшысы заңдылыққа сәйкес түсініктеме берді. Сонымен қатар, тиісті сала мамандарымен бірге зерделеп, заңдылығына қарай шешім қабылданатынын жеткізді. Сондай-ақ, осы мәселелер бойынша ауданның жауапты бөлім, мекеме басшыларына, кент, ауыл әкімдеріне нақты тапсырма берді.

Аудан әкімі Асқарбек Есжанов тұрғындар тарапынан айтылған мәселелердің барлығы өзінің тікелей бақылауында болатындығын жеткізді.
 

11.jpg

12.jpg

Тағы да оқыңыз: