Kyzylorda-news.kz Кеше "AMANAT" партиясы жанындағы аграрлық сектор мәселелері жөніндегі республикалық кеңестің отырысы өтті. Онда «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне жайылымдарды пайдалану мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Заңын іске асыру жөніндегі шаралар талқыланды.

Жиынға өңірден бейне байланыс режимінде партияның облыстық филиалының Атқарушы хатшысы Ләйлә Төрешова, партия филиалы жанындағы экономика, кәсіпкерлік және аграрлық сектор мәселелері жөніндегі аймақтық кеңес төрағасының орынбасары Ержан Искендермен жауапты сала өкілдері қатысты.

Жалпы өңірде 145 ауылдық округтің 97-і жайылыммен толық қамтамасыз етілген. 99 ауылдық округ жайылыммен ішінара 19 округ жайылыммен қамтамасыз етілмеген. Жетіспейтін жайылым көлемі 332,3 мың гектар. Облыс әкімді тарапынан ҚР Парламенті Мәжілісі депутаттарының бастамасымен әзірленген Заң жобасын қарап- келісу барысында ҚР Ауыл шаруашылығы министрлігіне тиісті ұсыныстар берілген.

Жалпы ауылдық округтерді жайылымдық жерлермен қамтамасыз ету мақсатында бүгінгі күні әр ауылдық елді мекенге іргелес орналасқан жайылымдық жері таңдалып, 2022 мың гектар жайылым карта схемасы белгіленген.Сонымен қатар мыңнан астам шаруашылықтың жайылым жерін пайдалану жөнінде келісім алынған. Бұл бағыттағы жұмыстар жалғасын таппақ.

Тағы да оқыңыз: