Kyzylorda-news.kz. Жаңақорғандағы Жайылма ауылы халқының тұрмыстық әл-ауқатын, тыныс тіршілігін жақсарту мақсатында биылғы жылы ауылымыздағы барлық көшелердің ауыз су жүйесін жаңарту жұмыстары жүргізілуде. Сонымен қатар орталықтанған су жүйесіне жөндеу жұмыстары жүргізілуде.
Орталықтанған су жүйесінің сыртқы қоршаулары жаңаланып, су сақтайтын қойма толықтай сырланды. Ауыз су жүйесінің жүргізілуі барысында асфальттанған көшелердің бұзылмауын қамтамасыз ету мақсатында арнайы техникалардың(рутор) көмегімен қазылды.
Қазіргі таңда Қ.Оспанов,С.Бөкеев, Мырзатай, Жиделі, Т.Құдиярұлы. Орталық Б.Жүсіпов көшесінде жұмыстар жүріп жатыр. Ө.Рақышұлы және Шыңырау көшелеріне алдағы күндері су құбырларды жаңарту жұмыстары жүретін болады.
Бүгінгі күні аталған жобаның құрылыс жұмыстарын “Дәнекер” ЖШС мердігер мекемесі қарқынды жүзеге асыруда.