Kyzylorda-news.kz Қазақстандағы танымал жастар жобасы «Жайдарманда» кадрлық өзгерістер орнады. Жобаның жаңа атқарушы директоры болып Жанасыл Болатбек тағайындалды.
Жобаның Қазақстан бойынша 20-дан астам филиалы, 150 өкілдігі бар. Оның ішінде 5 республикалық лига мен 3 500 команданы қоса алғанда, 10 000-нан астам шара ұйымдастырып үлгерген. Айта кету керек, бұған дейін жобаның атқарушы директоры болған Есен Елеукен республикалық телеарнаның бас продюсері қызметіне тағайындалды.
«Бұл ретте «Жайдарман» жобасының хабарлауы бойынша ойындар кестесі өзгермейді және келесі JAIDARMAN TOP финалдық ойыны жоспарланғандай 23 қарашада Астана қаласының Орталық концерт залында өтеді», - делінген хабарламада.
Жанасыл Болатбек - Осыған дейін «Жайдарман» жобасының бас продюсері қызметін атқарған. Сонымен бірге Atameken Business телеарнасының Digital бөлімін басқарды. Елімізге танымал бірнеше жобалардың ұйымдастырушысы қызметін атқарды.
Фото: instagram/jaidarman_production