Kyzylorda-news.kz. Қала аумағында «Заңсыз келуші» жедел профилактикалық іс – шарасы өтуде. Мақсаты қала көлемінде заңсыз көші-қондылық арналарын анықтау және жолын кесу, қоғамдық тәртіпті сақтау, сонымен қатар көші-қондылықты бақылау жұмыстарын жүзеге асыру кезінде құқық бұзушылықтар мен қылмыстарға жол бермеуге бағытталған кешенді шаралар қабылдау болып табылады.
Іс-шара аясында жалпы 50 заң бұзушылық анықталды. Нәтижесінде Көші-қон заңнамаларын бұзған ҚР ӘҚБтК-нің 517 бабымен (Шетелдіктің немесе азаматтығы жоқ адамның ҚР халықтың көші-қон саласындағы заңнамасын бұзуы) 40 шетелдік анықталды.
Сонымен бірге ҚР ӘҚБтК-нің 518 бабымен (Шетелдіктерді және азаматтығы жоқ адамадарды қабылдайтын жеке немесе заңды тұлғалардың ҚР-ның халықтың көші-қон саласындағы заңнамасын бұзуы) 5 ҚР азаматтары және ӘҚБтК-нің 519 бабы (Шетелдік жұмыс күшін және еңбекші көшіп келушілерді ҚР заңнамасын бұза отырып тарту, шетелдіктің немесе азаматтығы жоқ адамның ҚР еңбек қызметін заңсыз жүзеге асыруы) бойынша 5 ҚР азаматына әкімшілік шаралар көрілді.
Қызылорда қаласы мамандандырылған әкімшілк сот қаулысымен 5 Өзбектан Республикасының азаматы Қазақстан Республика аумағынан әкімшілік жолмен шығарылды.