Kyzylorda-news.kz. Арал ауданы Бөген елді мекеніне қарасты «Кіші Арал теңізінің» жағасында заңсыз балық аулап жүрген 40 жастағы аудан тұрғыны ұсталды.

Ұсталған азаматтан қайық, 5 дана ау және 126  кг балық алынды.

Аталған дерек бойынша Қазақстан Республикасы Қылмыстық Кодексінің 335-бабының 1-бөлігімен (Балық ресурстарын заңсыз алу) тергеп-тексеру амалдары жүргізілуде.

«Егер аталған тұлғалардың кінәсі дәлелденсе,  сот шешімімен ол белгiлi бiр лауазымдарды атқару немесе белгiлi бiр қызметпен айналысу құқығынан үш жылға дейiнгi мерзiмге айырылады. Сондай-ақ, 160 айлық есептiк көрсеткiшке дейiнгi мөлшерде айыппұл салуға не сол мөлшерде түзеу жұмыстарына не 160 сағатқа дейiнгi мерзiмге қоғамдық жұмыстарға тартылмақ. Немесе 40 тәулікке дейінгі мерзімге қамаққа алынып,  жазаланатын болады»,- делінген полиция департаментінің таратқан хабарламасында.

Тағы да оқыңыз: