Сырдария ауданы әкімі аппаратының басшысы Димаш Байдушевтің төрағалығымен Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне енгізілген өзгерістер мен толықтырулар талаптарын түсіндіруге арналған семинар өтті. Семинарға аудан әкімі аппаратының қызметкерлері қатысты.

Жиынның басты мақсаты – Конституциялық реформаларға сәйкес сыбайлас жемқорлыққа қарсы заңнамаға енгізілген өзгерістер мен толықтыруларды түсіндіру, заң талаптарын тиімді іске асыруға ықпал ету және қоғамда сыбайлас жемқорлыққа төзбеушілік мәдениетін қалыптастыру.

Семинар барысында екі мәселе қаралды. Алғашқы мәселе – «Қазақстан Республикасының Конституциялық реформаларына сәйкес сыбайлас жемқорлыққа қарсы заңнамадағы өзгерістер туралы». Мемлекет басшысының бастамасымен жүзеге асырылған Конституциялық реформалар еліміздің құқықтық жүйесін жаңғыртуға, мемлекеттік басқарудың тиімділігі мен ашықтығын арттыруға, азаматтардың құқықтары мен заңды мүдделерін қорғауды күшейтуге бағытталғаны атап өтілді. Осы өзгерістердің маңызды бағыттарының бірі – сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясатты жетілдіру және осы саладағы заңнаманы заман талабына сай жаңарту екені түсіндірілді.

Екінші мәселе – «Жаңадан қабылданған Қазақстан Республикасының Конституциясына сәйкес заңдардағы негізгі өзгерістер және заң талаптарын сақтаудың маңызы туралы». Қазақстан Республикасының құқықтық, демократиялық және әлеуметтік мемлекет ретіндегі қағидаттарын нығайтуда Конституция мен қолданыстағы заңнаманы жетілдірудің маңыздылығы айтылды. Конституциялық реформалардың мемлекеттік басқару жүйесін жаңғыртуға, азаматтардың құқықтары мен бостандықтарын қорғауды күшейтуге және заң үстемдігін қамтамасыз етуге бағытталғаны түсіндірілді.

Сонымен қатар заң талаптарын сақтау қоғамдық тәртіптің, тұрақтылықтың және әділеттіліктің негізгі кепілі екені атап өтілді. Семинар соңында қызметкерлер өздерін толғандырған сауалдарын қойып, заңнамадағы өзгерістер мен толықтыруларға қатысты тиісті жауаптар мен түсіндірмелер алды.

FB_IMG_1786159986497.jpg

Тағы да оқыңыз: