Kyzylorda-news.kz. Еуразиялық экономикалық комиссия Кеңесінің 2022 жылғы 15 сәуірдегі № 59 Шешімімен Еуразиялық экономикалық комиссия Кеңесінің 2017 жылғы 20 желтоқсандағы № 107 «Жеке пайдалануға арналған тауарларға байланысты жекелеген мәселелер туралы» шешіміне өзгерістер енгізілгенін хабарлайды.
Қазақстан Республикасына, Беларусь Республикасына, Қырғыз Республикасына және Ресей Федерациясына Еуразиялық экономикалық одақтың кедендік аумағына алып жүретін багажда әуе немесе жаяу тәртіппен әкелінетін жеке пайдалануға арналған тауарларды бажсыз әкелудің құндық және салмақтық шектерін 500 евродан 1000 евроға дейін және 25 кг-нан 31 кг-ға дейін 2022 жылғы 1 қазанға дейінгі мерзімге арттыру көзделген.
Осылайша, 2022 жылғы 28 сәуірден бастап ЕАЭО кедендік аумағына алып жүретін багажда құны 1000 евроға дейінгі әуе немесе жаяу тәртіппен көлік түрлерімен әкелінетін жеке пайдалануға арналған тауарларға қатысты кедендік төлемдер алынбайды.
2022 жылғы 28 сәуірден бастап берілген кедендік декларация бойынша құны 1000 евродан асатын әуе немесе жаяу тәртіпте көлік түрлерімен ЕАЭО кедендік аумағына алып жүретін багажда әкелінетін жеке пайдалануға арналған тауарларға қатысты кедендік төлемдер өндіріп алуға жатады.
2022 жылғы 1 қазаннан бастап әуе көлігінен ерекшеленетін көлік түрлерімен бірге алып жүретін багажда әкелінетін немесе жаяу жүру тәртібімен жеке пайдалануға арналған тауарларды бажсыз әкелудің құндық және салмақтық нормалары бұрынғыдай 500 евро / 25 кг құрайтын болады.