Kyzylorda-news.kz.  «Cыбайлас жемқорлықтың алдын алуға бағытталған ақпараттық түсіндірме шараларын және адам саудасының алдын алуға бағытталған шараларды ұйымдастыру» әлеуметтік жобасы аясында «Қазақтелеком» АҚ-да заңгер Нұрсұлтан Байменов мекеме қызметкерлеріне тегін құқықтық кеңес берді. 

Мекеме қызметкерлері түрлі салада өз сұрақтарын қойып, нақты жауаптарын алды.

«Сыбайлас жемқорлық азаматтардың пара алуымен шектелмейді, бұл — мемлекетіміздің дамуына, экономикамыздың алға қарай жылжуына айтарлықтай зиян тигізетін құбылыс. Бұл құбылысты тек жазалап қана қоймай, оның алдын алу керек. Елімізде адамдардың жалпы мәдениеті көтерілмейінше, бұл кесел жоғалмайды», - дейді заңгер. 

Айта кетейік, іс-шараны қалалық қоғамдық даму бөлімінің тапсырысы аясында «Қызылорда облысының жастар Одақтары» қоғамдық бірлестігі ұйымдастырған. 
 

Тағы да оқыңыз: