Kyzylorda-news.kz «Заң және тәртіп» нарративін ілгерілету мақсатында Қызылорда облысы бойынша Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметі департаментінің ұйымдастыруымен «Тәртіпті өзіңнен баста» акциясы аясында «Болашақ» жоғарғы колледжінің студенттерімен кездесу өтті. 

Іс-шараның бұл форматы «Заң және тәртіп» идеологиясын ілгерілетудегі, сондай-ақ, өскелең ұрпаққа жауапкершілік, адалдық және құқықтық нормаларды дәріптеудегі маңызды құрал болып табылады.

Кездесуге департамент басшысының бірінші орынбасары А.Жүнісов, антикор ардагері Б.Ниязов, «Болашақ» жоғарғы колледжінің 500 студенті қатысты.

Шара аясында студенттерге сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтардың мәні мен салдары, сондай-ақ осы құбылыспен қалай күресу керектігі туралы айтылды.

Департамент басшысының бірінші орынбасары А.Жүнісов өз баяндамасында, ақын, жазушы, философ, тарихшы Шәкәрім Құдайбердіұлының: «Адал еңбек, ақ жүрек, таза ақыл – осы үшеуі адамды адам етеді» - деген сөздерін атап өтіп, жемқорлықтан құтылу үшін әрбір адам адал болуға тырысып, әділетті қоғам құруға атсалысуы керек. Тек осылай ғана біз жарқын болашаққа қол жеткізе аламыз,-деді.

Антикор ардагері Б.Ниязов сыбайлас жемқорлықтың зиянды әсерлерін түсіндіріп, жастарды адалдық, сыбайлас жемқорлықпен күресте әрбір азаматтың рөлі мен жауапкершілігін, қоғамдағы әділеттілік пен адалдықты нығайту үшін жастардың белсенділігі мен құқықтық сауаттылығын арттыру қажеттігі бойынша пікір білдірді.

Сонымен қатар, «AMANAT» партиясы депутаттық фракциясының мүшесі, айтыскер ақын, үш дүркін алтын домбыра иегері М.Ниязов жастарға әділдік, парасаттылық, заң мен тәртіпті ұстану туралы түсіндірді. 

Кездесу жылы және достық атмосферада өтті, мұғалімдер мен студенттерге көптеген жағымды әсер қалдырды. Жастар өздері үшін маңызды тақырыптарды талқылауға және қызықтырған сұрақтарын қоюға мүмкіндік бергені үшін алғыстарын білдірді.

Іс-шара соңында қатысушыларға сыбайлас жемқорлыққа қарсы бағыттағы бейнематериалдар көрсетілді. Жемқорлыққа қарсы іс-қимыл мәселелері бойынша тегін консультациялар алу үшін, сондай-ақ белгілі болған сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылық фактілері туралы хабарлау үшін 1424 колл-орталығына хабарласу мүмкіндігі туралы ақпарат берілді.

Тағы да оқыңыз: