Kyzylorda-news.kz Қоғамдық тәртіп пен азаматтардың тыныштығын қамтамасыз етуде қауіпсіздік шараларының рөлі зор. Әсіресе, жарылғыш заттар сақталатын орындар мен қару-жарақ сататын дүкендер және өзге де маңызды нысандардың қауіпсіздігін сақтау аса маңызды міндет екені айқын.
Аталған нысандарда құқық бұзушылықтардың алдын алу мақсатында полиция қызметкерлері мен жеке күзет ұйымдарының бірлескен іс-қимылдары маңызды орын алады.
Осы орайда Қызылорда облысы Полиция департаментінің Күзет қызметін бақылау бөлімінің қызметкерлерімен аумағында жарылғыш заттары бар объектілерде түрлі тапсырмаларды орындау бойынша ішкі істер органдары және жеке күзет ұйымдарының қызметкерлері арасында бірлескен оқу-жаттығу іс-шарасы өткізілді.
Оқу-жаттығу барысында Қызылорда қаласында ораласқан қару-жарақ сататын дүкендерін жеке күзетпен және орталықтандырылған бақылау торабы мен жеке күзет ұйымдарының жедел ұтқыр топ күзетшілері нысанның қауіпсіздігін қамтамасыз етіп, күзетілетін объектілерге жасалған шабуылға тойтарыс беруде атқаратын іс-қимылдарына нақты баға берілді. Сондай-ақ, экстремалды жағдайларда күзетілетін объектілерге жасалған шабуылға тойтарыс беруде ІІО жасақшылары қылмыстық қол сұғушылықтардың жолын кесу бойынша оқу-жаттығу жұмыстары жүргізілді. Іс-шара қорытындысымен оқу-жаттығу барысы талқыланып, қатысушылардың іс-қимылдарына баға берілді.
Жеке күзет ұйымдарының күзетшілері қауіпсіздіктің алдын алу бағытында полиция қызметкерлерімен бірлескен оқу-жаттығу барысында сеніп тапсырылған аумақтың қауіпсіздігін қорғауда ішкі істер органдарының жасақшыларымен өзара іс-қимылдар жасасып, нысандардың инженерлік-техникалық нығаюына аса мән берді.
Облыс көлемінде жарылғыш заттарды сақтайтын объектілерге, қару жарақ сататын дүкендерге жергілікті ішкі істер органдарының қызметкерлерімен бірлескен оқу-жаттығуларды өткізу және жеке күзет ұйымдары күзетшілерінің іс-әрекеттерінің сапасын жақсарту мақсатында алдағы уақытта жоспарлы жұмыстар жүргізілетін болады.