Фото: kzvesti.kz

Kyzylorda-news.kz. Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігі Табиғи монополияларды реттеу комитетінің Қызылорда облысы бойынша департаменті тұтынушының жолданымдары негізінде жүргізілген жоспардан тыс тексеру жүргізді. Тексеру барысында «Энергосервис» ЕЖШС заң талабын сақтамағаны анықтады. Бұл туралы ҚР ҰЭМ Табиғи монополияларды реттеу комитетінің Қызылорда облысы бойынша департаменті хабарлады.

«Энергосервис» ЕЖШС-і электр энергиясымен жабдықтау қызметі бойынша қоғамдық маңызы бар нарық субъектісі.

Кодекстің нормаларына сәйкес, қоғамдық маңызы бар нарық субъектісі нарықта баға белгілеу тәртібін сақтауға міндетті.

«Жеке тұлғалар электр энергиясын тұтыну көлеміне қарай сараланған тарифтерді қолдануға өтініш білдірген жағдайда тұтынушылардың энергиямен жабдықтаушы ұйымдардың электр энергиясына тарифтерді жеке тұлғалардың оны тұтыну көлеміне қарай саралау қағидаларына сәйкес, энергиямен жабдықтаушы ұйымдар осы тұтынушыларға тұтынылатын энергия көлемдеріне қарай электр энергиясына сараланған тарифтерді ескере отырып тұрмыстық мұқтаждарға тұтынылған электр энергиясы үшін шоттар береді.

Алайда серіктестіктің тұтынушыға өтініш жазбастан 3 деңгейлі сараланған тарифтерді қолдануы баға белгілеу тәртібін бұзу.

Тексеру нәтижесінде департамент Серіктестікке қатысты Қазақстан Республикасының «Әкімшілік құқық бұзушылық туралы» Кодексінің 167-бабымен әкімшілік өндірісін қозғап,  қоғамдық маңызы бар нарықтарда баға белгілеу тәртібін сақтау арқылы бұзушылықты жою жөнінде нұсқама енгізді. 738 400 теңге көлемінде салынған айыппұл бүгінгі таңда мемлекеттік бюджетке өндіріліп, нұсқама толығымен орындалды», - делінген департаменттің таратқан хабарламасында.

Тағы да оқыңыз: