Kyzylorda-news.kz Жалағаш аудандық Руханият орталығында «Заң мен тәртіп» қағидаты аясында қоғамда сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру, заң үстемдігін нығайту және азаматтардың құқықтық сауаттылығын арттыру мақсатында «Сыбайлас жемқорлықсыз қоғам – әділетті болашақ кепілі» тақырыбында кездесу өтті.

Шараға аудан әкімінің орынбасары Ғ.Сүлейменов және аудан прокурорының орынбасары Р.Бақбергенов қатысып, сыбайлас жемқорлықтың алдын алу, оның қоғам дамуына тигізетін кері әсері және заң талаптарын сақтау мәселелері бойынша сөз қозғады.

Кездесу барысында сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимылдың маңыздылығы, мемлекеттік қызметтегі ашықтық пен адалдық қағидаттары, заң талаптарын сақтау және қоғамда әділдік пен жауапкершілік құндылықтарын орнықтыру мәселелері кеңінен талқыланды.

Жиында қатысушылар өз ойларын ортаға салып, сыбайлас жемқорлықтың алдын алу бағытында атқарылып жатқан жұмыстар мен алдағы міндеттер жөнінде пікір алмасты.

Шара аясында сыбайлас жемқорлықтың алдын алу бағытында жүйелі жұмыстар жүргізіп, қоғамда адалдық пен заңдылық қағидаттарын нығайтуға үлес қосып жүрген бірқатар сала қызметкерлеріне аудан әкімінің алғыс хаты табысталды. 

Тағы да оқыңыз: