Kyzylorda-news.kz Жалағаш ауданының әкімі Ардақ Ибраимовтың төрағалығымен жиын өтті. Онда «Заң мен тәртіп» қағидаты аясында құқық бұзушылық пен сыбайлас жемқорлықтың алдын алу, жастар арасында буллинг пен лудоманияға жол бермеу, қоғамдық тәртіпті күшейту мәселелері қаралды.

Жиынға құқық қорғау органдарының басшылары, бөлім басшылары, жас мемлекеттік және азаматтық қызметшілер қатысты.

«Заң мен тәртіп қағидатын қамтамасыз ету – баршамызға ортақ міндет. Құқық бұзушылықтың алдын алу жұмыстарын күшейтіп, әсіресе жастар арасында құқықтық мәдениетті қалыптастыруға басымдық беру қажет. Әрбір құқық бұзушылықтың алдын алу – оның салдарымен күресуден әлдеқайда маңызды. Осы бағыттағы жұмыстар жүйелі түрде жүргізіліп, жауапты мекемелердің өзара үйлесімді жұмысы қамтамасыз етілуі тиіс», – деді А.Ибраимов.

Сонымен қатар, жиында қоғамдық қауіпсіздікті қамтамасыз ету, құқық бұзушылыққа бейім азаматтармен профилактикалық жұмыстарды күшейту және жастар арасындағы келеңсіз жағдайлардың алдын алу мәселелеріне ерекше назар аударылды.

Жиын қорытындысымен күн тәртібіндегі мәселелер бойынша жауапты сала басшыларына нақты тапсырмалар берілді.

Тағы да оқыңыз: