Kyzylorda-news.kz Бүгін Қызылорда өңірлік көлік прокуратурасының бастамасымен құқықтық мәдениетті арттыру және азаматтардың мұң-мұқтажын тыңдау мақсатында «Заң мен тәртіп» қағидаты аясында Қызылорда өңірлік көлік прокуроры Яғмусов Роллан Файзуллаұлы Сырдария ауданы тұрғындарымен ашық диалог форматында қоғамдық қабылдау өткізді.
Кездесуге Қызылорда станциясындағы желілік полиция бөлімінің басшысы Қожабергенов Дәурен Тасқынбайұлы, «ҚазАвтоЖол ҰК» АҚ-ның Қызылорда облысы филиалының, көлік тасымалын ұйымдастырушы кәсіпкерлер және темір жол саласының мамандары қатысты.
Кездесудің басты мақсаты - Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев айқындаған «Заң мен тәртіп» қағидатын іске асыру аясында ұйымдастырылып, қоғамдағы заң үстемдігін қамтамасыз етуге, азаматтардың құқықтары мен заңды мүдделерін қорғауға бағытталған тұрғындарды толғандырған өзекті мәселелерді заң шеңберінде жедел әрі тиімді шешу.
Осының негізінде, Қызылорда өңірлік көлік прокуроры Р.Яғмусов және Қызылорда станциясындағы желілік полиция бөлімінің басшысы Д.Қожабергенов өз құзыреттері аясында, жолаушылардың құқықтарын қорғау, теміржол көлігі қауіпсіздігі аясында тұрғындарға жан-жақты түсіндірмелер берді.
Кездесу барысында тұрғындар өздерін толғандырған мәселелеріне сәйкес сұрақтарына жауаптарын алып, ұсыныстар айтып, пікір алмасты.
Кездесу соңында аудан әкімінің орынбасары Талғат Мейрамханұлы - «Заң мен тәртіп» қағидаты аясында құқықтық кеңестер, заңнама талаптарына көптеген түсіндірмелер беріп, құқықтық көмек көрсету мақсатында ауданға арнайы келген Қызылорда өңірлік көлік прокуроры Яғмусов Роллан Файзуллаұлына және Қызылорда станциясындағы желілік полиция бөлімінің басшысы Қожабергенов Дәурен Тасқынбайұлына тұрғындар атынан шынайы алғысын білдіріп, қызметтеріне табыс, еңбектеріне абырой тіледі!
Фото: Сырдария ауданы әкімінің баспасөз қызметі
