Kyzylorda-news.kz  Имамдардың уағызы неге қатын-қалаштың етегінен аспай қалған? Қыздардың барлығын таптап, орап болған шығарсыңдар. Өздеріңе, көздеріңе ие болыңдар.

 Имам Жарқын Мырзатаев кәсіби боксшы Айдос Ербосынұлына берген сұхбатында блогер қыздар әйел болып жарытпайды деген ой айтты. Осы тұста белгілі блогер Ырысбала Икрамбай имамның бұл сөзіне жауап қатты, – деп жазады Skifnews.kz ақпарат порталы.

Блогер қыздарды әйелдікке алмау керек. 10 000 оқырманы бар қыз саған қатын болып жарытпайды. Өйткені ол қыздар оқырмандары үшін, лүпіл үшін бәрін істейді. Бар сұлулылығын желіге жүктеп жүргендер ештеңені жарытайды. Ол сорлылар сурет пен видеоларын өшіріп те үлгермейді. Барлығы интернетке тарап кеткен. Түріне қызығып алсаң өмір бойы қызғанып жүресің, деді имам.

Ырысбала Икрамбай қанша мыңдық блогер болса да бір үйдің түтінін түзеу шығарып отырғандығын алға тартты.

Отырып алып өзі Құдай емес, Құдайдан былай емес болып сөйлей беретіндер бар. Сөз иесін табады деген бір бөлек, көпке топырақ шашу бір бөлек. Бірнеше мың оқырманым болса да бала туып, әжептәуір әйел болып отырмын. Әр еркектің артында жүргенім жоқ. Он күнәнің тоғызы тілден екенін имамдарға мен үйретпейтін шығармын, деп ашуланды блогер.

Сонымен қатар, блогер имамдар айтатын уағыздың деңгейіне шүйлікті.

Қазақ үш жүзге, қырық руға бөлінді. Енді имамдар мен блогерлер болып бөліну қалды. Құдайдың қолын ұстап тұрған адам сияқты блогерлердің әйел болмайтынын имамдар қайдан біледі? Неге сүйеніп айтады? Имамдардың уағызы неге қатын-қалаштың етегінен аспай қалған? Қыздардың барлығын таптап, орап болған шығарсыңдар. Өздеріңе, көздеріңе ие болыңдар. Саналы түрде ойланыңдар. Енді қызымызды еркекппен өмір сүріп жатырмыз деп үйде тығып ұстаймыз ба? Қазір қыздарды дұрыс таңдау жасауға, білім алуға үйрететін заман. Ешектің де еркегі бар, – деді Ырысбала Икрамбай.

Коллаж: sn.kz

Тағы да оқыңыз: