**[Kyzylorda-news.kz.](https://kyzylorda-news.kz/)** **Ғалымдар адамдарға ықылық тигенде олардың денсаулықтарында не өзгеретінін болжады. Олардың пайымдауынша, ықылық тию әсіресе сәби денсаулығына пайдалы екен. Себебі ықылық арқылы олардың ми жұмысы жақсаратын көрінеді, деп хабарлайды**  [**Риа Новости**](https://ria.ru/20191112/1560839449.html)**.** Британияның Лондон университеттік колледжі ғалымдары ықылық тигенде, сәбилердің ми жұмысы жақсаратынын айтқан. Зерттеушілердің сөзінше ықылық сәбиге ана құрсағында жатқанда, тоғыз айдан бастап тиеді екен. > _Әсіресе ықылық шала туған нәрестелерде ұзағынан тиеді. Оларға он бес минут бойы тоқтамастан ықылық тиюі мүмкін._ Зерттеу 30-42 апта аралығындағы сәбилерге, олардың миын сканерлеу арқылы жүргізілген. > _Сол сәтте олар ықылық тиген сайын, шақалақтардың миы белсенді түрде жұмыс істейтіндігін байқаған. Сонымен бірге олар ықылық арқылы сәбилердің тыныс алу жүйесі де қалыптасатынын дәлелдеген._ Ғалым Кимберли Уайхедтің айтуынша, ықылық адам өміріндегі құрсақта жатқаннан бастап дамитын, ми жұмысына оң әсер беретін, қалыпты құбылыс екен.