Kyzylorda-news.kz. Ауыл шаруашылығы қызметкерлері күніне орай Ыбырай Жақаев атындағы Қазақ күріш шаруашылығы ғылыми-зерттеу институтының қызметкерлері марапатталды. 

Ұлттық аграрлық ғылыми-білім беру орталығында Ауыл шаруашылығы, тамақ және өңдеу өнеркәсібі қызметкерлері күні мерекесіне арналған салтанатты іс-шара өтті. 

Шара аясында басқарма төрағасы Дархан Балпанов қажырлы еңбегімен көзге түскен ғалымдар мен қызметкерлерді «Еңбек ардагері» медалімен, «Ауыл шаруашылығы саласының үздігі» төсбелгісімен, Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің Құрмет грамотасымен және Ұлттық аграрлық ғылыми-білім беру орталығының Құрмет грамотасымен марапаттады. 

Ыбырай Жақаев атындағы Қазақ күріш шаруашылығы ғылыми-зерттеу институтының қызметкерлерінің де еңбегі бағаланып марапат төрінен көрінді. Басқарма төрағасының ғылыми жұмыстар жөніндегі орынбасары Әсет Тоқтамысов «Ауыл шаруашылығы саласының үздігі» төсбелгісімен марапаталса, институт есепшісі Күлжахан Айпейсова «Еңбек ардагері» медалінің иегері атанды.

Күріш институтының ұжымы қуанышқа ортақтаса отыра өз әріптестерін Ауыл шаруашылығы қызметкерлері күнімен құттықтады.

«Бұл мереке жерде еңбек ететін, мал шаруашылығымен айналысатын, азық-түлік өнеркәсібінде жұмыс жасайтын, еліміздің және өңіріміздің азық-түліктік қауіпсіздігін қамтамасыз етуге талмай үлес қосып жүрген жандардың басын қосуда. Халықтың әл-ауқаты мен өмір сапасының жақсы болуы ауыл шаруашылығының дамуымен тығыз байланысты десек, ел экономикасының ең маңызды саласының бірі екенімізді түсіне отыра барынша үлесімізді қоса беретіндігімізге сендіреміз», - дейді институт ұжымы.  

316411913_839683177175782_9074489567453394779_n.jpg

Тағы да оқыңыз: