Tauelsizdik

Kyzylorda-news.kz Қорқыт ата атындағы Қызылорда университетінің студенттері Қожа Ахмет Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университетінде өткен «Ясауи философиясындағы парасаттылық пен ізгілік» атты аймақтық студенттер форумына қатысты.

Екі күнге созылған форум жастар арасында парасаттылық пен ізгілік құндылықтарын дәріптеуге, көшбасшылық қабілеттерді дамытуға және жоғары оқу орындары арасындағы ынтымақтастықты нығайтуға бағытталды.

Форум аясында TEDx форматындағы кездесулер, секциялық отырыстар мен пленарлық талқылаулар өтті. Сондай-ақ қатысушылар көшбасшылық дағдыларды дамытуға арналған «LEADERSHIP» ойыны мен «YASAWI QUIZ» интеллектуалды сайысында білімдері мен белсенділіктерін көрсетті.

«Құндылықтар сабақтастығы және жастар бастамалары» тақырыбындағы университетаралық тәжірибе алмасу алаңында Қорқыт ата университетінің өкілдері жастар саясаты бағытында атқарылып жатқан жұмыстар мен студенттік бастамаларды таныстырды. Сонымен қатар қатысушы жоғары оқу орындары «Заң мен тәртіп», «Адал азамат» және «Таза Қазақстан» бағыттарындағы озық тәжірибелерімен бөлісіп, үздік студенттік жобалар мен бірлескен бастамаларды талқылады.

Мазмұнды басқосу студенттердің азаматтық ұстанымын нығайтып, көшбасшылық әлеуетін арттыруға, рухани-адамгершілік құндылықтарды дәріптеуге және өңіраралық тәжірибе алмасуға мүмкіндік берді.

Тағы да оқыңыз: