Kyzylorda-news.kz. Қызылордада «Тең қоғам» орталығының қолдауымен Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 30 жылдығы қарсаңында көрнекті ағартушы, педагог, қоғам қайраткері Ы.Алтынсариннің туғанына 180 жыл толуына орай «Ұлы даланың – ұлы тұлғасы» атты ақын өлеңі мен әңгімелерін оқудан қалалық байқау өтті.

Байқауды ерекше жандардың шығармашылығын шыңдау, бос уақытын тиімді өткізу мақсатында «Зағиптар қоғамы» клубы ұйымдастырды.

Мәдени шараға 18-60 жас аралығындағы қоғамда тіркеуде тұратын 16 ерекше жан қатысты.

Олар Ы.Алтынсариннің кез келген шығармасын жатқа айтып,  «Тәуелсіздік тұғырым» атты кезеңінде тәуелсіздікке арналған ақындардың өлеңдерін мәнерлеп оқудан сынға түсті.

Әділ-қазы алқасының шешіміне сәйкес бас жүлде Р.Ақатаевқа бұйырды. Ал І орынды А.Нұрлиева, ІІ орынды К.Дүзбай, Т.Есмағамбетовалар жеңіп алды. ІІІ орынды Д.Ешниязова, М.Қауынбай өзара бөлісті.

Барлық қатысушы талапкерлер алғыс хат және бағалы сыйлықтармен марапатталды.

Тағы да оқыңыз: