Kyzylorda-news.kz. Қорқыт ата атындағы Қызылорда университетінде «Рухани жаңғыру» бағдарламасының жұмыстары таныстырылды.
Бүгін ҚР Ақпарат және қоғамдық даму министрлігі, «Рухани жаңғыру» қазақстандық қоғамдық даму институты» КеАҚ «Рухани жаңғыру» орталығының басшысы Жанар Боқанова Сыр еліндегі жұмыс сапары барысында Қорқыт ата атындағы Қызылорда университетіндегі «Рухани жаңғыру» бағдарламасының жүзеге асырылу жұмыстарымен танысты.
Шарада «Рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында жүзеге асырылған ғылыми жобалар мен арнайы шығарылған монографиялар, «Археология және этнография ғылыми зерттеу орталығы» іске асырған жобалардың көрме залы, «Қазақ тіліндегі 100 жаңа оқулық» жобасы аясында шығарылған кітаптар көрмесі, «Дидар» халықтық этно-фольк ансамблінің жаңа туындылары таныстырылды. Сонымен қатар, «Business start» жастар кәсіпкерлік орталығының жұмысы, қолөнер шеберлерінің туындылары мен «Робототехника» саласындағы соңғы құрылғылар көрсетілді.
Шара барысында жас спортшылармен кездесу, белсенді студенттермен сұқбат ұйымдастырылды.