Kyzylorda-news.kz. «Учаске» жедел профилактикалық іс-шарасы барысында Қызылорда облысы полиция департаментінің қызметкерлері отбасында жанжал шығарған 215 құқық бұзушыны ішкі істер органдарының есебіне қойды. Сонымен қатар шара барысында 9 мыңнан аса әкімшілік құқық бұзушылық анықталды.

Тәртіп сақшылары ішкі істер органдарының профилактикалық және тізімдік есебінде тұрған 550 адамды мекенжай бойынша тексеріп, оларға қылмысты қайта жасамау бағытында профилактикалық әңгіме жүргізді.

Сонымен қатар іс-шара барысында тұрғындардан ішкі істер органдарына тіркелмеген 77 қару тәркіленіп, қару иелеріне Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 482-бабымен шара қолдану үшін әкімшілік істер сотқа жолданды.

Сондай-ақ облыс көлемінде 411 пәтер заңсыз жалға ұсынылып жатқандығы анықталып, бұл бағытта шешім қабылдау мақсатында құжаттар жинақталып, жергілікті жерлердегі Мемлекеттік кірістер басқармаларына ұсыныстар жолданды.

Тағы да оқыңыз: