Уалихан Ибраев: Еліміздің ертеңі бүгінгі жасаған таңдауымыз арқылы айқындалады – Kyzylorda News
Басты бет

Бізге жаңалық жіберіңіз: +7(702)702-76-00

Уалихан Ибраев: Еліміздің ертеңі бүгінгі жасаған таңдауымыз арқылы айқындалады

10.01.2021, 11:36

242 0

Kyzylorda-news.kz. Ата заңымызда көрсетілген Тәуелсіз еліміздің әрбір​ азаматының ең басты саяси құқығы – сайлау және сайлану құқығын пайдаландым. Өз таңдауымды жасап, дауысымды бердім.

Жалпы, сайлауға қатысу әркімнің ерік білдіру бостандығы болып табылады. Осы орайда, бұл азаматтарымыздың бейқам бақылаушы емес, өз елінің болашағы үшін шынайы жанашырлардың көрсеткіш барометрі іспеттес. Себебі бейқамдық пен қатыспаушылық жағымсыз құбылыстарға жол ашуы мүмкін.​

Сайлауда әрбір сайлаушының даусы ерекше маңызды. Кез-келгеніміз бүгінгі күнгі нақты таңдауымыз арқылы болашақ өмірімізге ықпал ете аламыз. Еліміздің кемел ертеңі бүгінгі жасаған таңдауымыз арқылы айқындалатынын естен шығармайық.​

Қадірлі жерлестер!

Сан ғасырлар бойы ата-бабаларымыз арман еткен киелі Тәуелсіздігімізді тұғырлы ету жолындағы өздеріңіздің белсенді сайлау құқықтарыңызды тек қана құқығым деп емес, міндетім деп қабылдап, дауыс беруге шақырамын!

Уалихан ИБРАЕВ,

Облыстық «Рухани жаңғыру» орталығының директоры

0

Пікір қалдыру