Kyzylorda-news.kz Кеше «AMANAT» партиясы облыстық филиалының төрағасы Алмасбек Есмаханов облыстық жастар ресурстық орталығының ұйымдастыруымен өткен «Волонтерлік – өмір белесі» атты облыстық волонтерлер отырысына қатысты.
Онда жалпы еріктілер қызметінің мән маңызын атап өтіп, осы бағытта «AMANAT» партиясы және партияның «Жастар рухы»Жастар қанаты тарапынан жасалып жатқан жұмыстарды жеткізді.
Атап өтейік, батыс өңірлерде болған табиғи апат кезінде алғашқылардың бірі болып, республикалық және аймақтық штабтар құрып, гуманитарлық көмек жинауды ұйымдастырып, оған мыңдаған волонтерлер мен партия мүшелерін тартқан, барлық ресурстарды, соның ішінде депутаттық корпус, партия жақтастары мен «Жастар Рухы» жастар қанатының белсенділерін жұмылдырған «AMANAT» партиясы десек болады.
Салтанатты шарада аймақтың белсенді волонтерлері «AMANAT» партиясы облыстық филиалының, облыстық қоғамдық даму басқармасы, Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері агенттігі Қызылорда облысы бойынша департаменті алғыс хаттарымен марапатталды.