Kyzylorda-news.kz. Балалар жылы аясында Қызылорда облыстық Қазақстан халқы ассамблеясы жанындағы Волонтерлар орталығының ұйымдастыруымен Балалар ауруханасы «Онкология» бөлімшесінде қайырымдылық акциясы өтті. 

Оған Қызылорда облыстық қоғамдық даму басқармасы «Қоғамдық келісім» КММ директорының орынбасары Айбек Дайрабай, Волонтерлар орталығының белсенділері, Неміс этномәдени бірлестігінің жетекшісі Ирина Шек, «Адажио» шоу орталығының белсенділері қатысты. 

«Жыл сайын елімізде онкологиямен ауыратын балалар саны өсуде. Бұл көңілді құлазытады. Ауру – бұл бала үшін ғана емес, ата-анасы, жақындары үшін де сынақ. Біздің міндетіміз – оларды сыйлықтармен қуанту ғана емес, балалардың жан дүниесіне үңіліп, жайлы атмосфера сыйлау», - дейді неміс этномәдени бірлестігінің жетекшісі Ирина Шек.

Тәуелсіздік күні қарсаңындағы ізгілікті мақсат еткен шарада «Сыйлықтар үйі» орталығы және кәсіпкер Ираида Квонның демеушілігімен онкологиялық бөлімшеге ой өрісті дамытатын ойыншықтар табысталды. «Адажио» шоу орталығының өнерпаздары қызықты ойындар мен бағдарламалар ойластырып, балаларға көтеріңкі көңіл-күй сыйлады. 

Осыдан 4 жыл бұрын диагнозы анықталып, Алматыда ем алған Айзере Алдамжар емін осы бөлімшеде жалғастырып жатыр. Айзеренің әжесі Жәмила Қалмұратованың айтуынша ақ халатты абзал жандардың арқасында немересінің денсаулығы жақсарып келеді. Сол үшін бөлімше қызметкерлеріне және бүгінгі акция аясында көрсетілген мейірім мен қамқорлық үшін ата-аналар атынан ұйымдастырушыларға ризашылықтарын білдірді. 
 

21.jpg

Тағы да оқыңыз: