Kyzylorda-news.kz.Visa және Halyk Bank Қазақстандағы She’s Next, Empoweredby Visa жаһандық бастамасының үшінші толқынын бастайды. Әр қатысушыда жеке бизнесіңізді дамыту үшін 7 миллион теңге және 3 миллион теңге ұтып алуға, сондай-ақ Halyk банкінен 8% мөлшерлемемен 50 миллион теңгеге дейін жеңілдікті қаржыландыру алуға  мүмкіндігіңіз бар.

«Әйелдер бизнесте өзін-өзі көрсетуде батыл және сенімді бола бастады. Мысалы, банктің несие портфеліндегі әйелдер мен ерлердің үлесі сәйкесінше 51% және 49% құрайды. Біздің байқауымызша, әйел кәсіпкерлер мегаполистерде, яғни Астана, Алматы және Шымкентте өте белсенді. Алдыңғы She’s Next бағдарламаларының қатысушылары да негізінен ірі қалалардың тұрғындары болды.

Үшінші толқын аясында біз еліміздің өңірлеріндегі кәсіпкерлерге өз бизнесін дамыту және кеңейту мүмкіндігін ұсынғымыз келеді. Менің ойымша, бұл әйелдер кәсіпкерлігін бастау үшін өзінің тиімділігін дәлелдеп үлгерген жобамыздың бірінші кезектегі міндеті», - деп атап өтті Halyk Bank басқарма төрайымы Үміт Шаяхметова.                                                                                                                                                

Әйелдер кәсіпкерлігін қолдау мен дамытуға бағытталған бастаманы Қазақстанның ASMAR ұлттық кәсіпкер әйелдер қауымдастығы мен ҚР Ұлттық экономика министрлігі де қолдады

«Мұндай бастамалар әйел кәсіпкерлерді қолдаудың мүмкіндігі ғана емес, сонымен қатар ел экономикасын дамытудағы маңызды қадам болып табылады. Жыл сайын Қазақстанда шағын және орта бизнес кәсіпорындарының саны артып келеді: бұл ретте әйелдер ШОБ субъектілерінің 43,5%-ын басқарады. Visa және Halyk Bank-пен серіктестік ШОБ–тің табысты дамуы мен әйелдер кәсіпкерлігі экономикалық прогрестің негізгі қозғаушы күшіне айналатын болашақты қалыптастыру үшін қолайлы жағдайлар жасауға деген ұмтылысты көрсетеді», - деп түсіндірді Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Әйелдер істері және отбасылық-демографиялық саясат жөніндегі Ұлттық комиссия төрағасының орынбасары Ләззат Рамазанова.

Бұл бастамаға өз ісін бастаған, сондай-ақ іс бастауды жоспарлап жүрген әйелдер қатыса алады. Қатысуға өтінімді She’s Next ресми сайтында беруге болады.

«She’s Next-тің алдыңғы екі толқынында біз 9,5 мың кәсіпкерге бизнесін дамытуға, жаңа білім алуға және өзіне деген сенімді арттыруға көмектестік. Биыл Halyk Bank-пен бірлесе отырып, үлкен қалаларда ғана емес, облыс орталықтары мен ауылдарда тұратын әйелдерге ерекше көңіл бөлгіміз келеді. Білім беру бағдарламасы әр бір әйелге өз ісін ашу және дамыту үшін білім мен дағдылардың жиынтығын береді. Бастаманың жаңа толқыны аясында біз дарынды көшбасшыларды таба алатынымызға сенімдімін»,- дейді Visa-ның Орталық Азия мен Әзірбайжан елдеріндегі вице-президенті және өңірлік менеджері Кристина Дорош.

Жоба кезеңдері 

She’s Next Day Қазақстанның 8 қалада. Олардың аясында қатысушылар бір-бірімен танысып, шақырылған лекторлардан жаңа білім алып, бастаманың үшінші толқынының мүмкіндіктері туралы көбірек біле алады.

Білім беру бағдарламасы. 14 маусым мен 28 маусым аралығында барлық іс-шаралар өткізілгеннен кейін She’s Next ресми парақшасында барлық қатысушылар үшін танымдық дәрістерге қолжетімділік ашылады.

Бизнес-жоспарлар. 29 маусым мен 10 шілде аралығында білім беретін бейнероликтер мен сынақтардан сәтті өткеннен кейін кәсіпкерлер іріктеу кезеңіне қатысу үшін бизнес-жоспарларын жібере алады.

Дауыс беру. 22-26 шілде Қазақстанның барлық тұрғындары үшін ашық дауыс беруге ұсынылады. Ең көп дауыс жинаған екі қатысушы «Халық таңдауы» номинациясында 3 миллион теңге көлемінде грант алады.

Финал. Финалға және ашық дауыс беруге іріктелген барлық финалистер Алматыда өтетін республикалық финалға шақырылады. She's Next Pitch Day. Әр номинация бойынша жеңімпаз 7 миллион теңге ұтып алады.

 

Тағы да оқыңыз: