Kyzylorda-news.kz.  ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау вице-министрі Олжас Ордабаевтың Қызылорда облысындағы жұмыс сапары Қармақшы ауданында жалғасты.

Вице-министр алдымен «Бастау Бизнес» жобасы бойынша кәсіпкерлік негіздеріне оқып, мемлекеттік қайтарымсыз грант алған азаматтардың кәсіптерімен танысты.

Пазыл Мұзаппаров Қармақшы ауданы, ІІІ-Интернационал ауылының тұрғыны. 2022 жылы «Бастау Бизнес» жобасы шеңберінде кәсіпкерлік негіздерін оқыту курсын аяқтап, «2021-2025 жылдарға арналған кәсіпкерлікті дамыту жөніндегі ұлттық жоба» аясында «Жаңа бизнес-идеяларды іске асыруға арналған мемлекеттік гранттарды беру жөніндегі» комиссияның шешіміне сәйкес 1 225 200 теңге көлемінде «Автокөліктерді жөңдеу бойынша қызметтер көрсету» мақсатында мемлекеттік грант ұтып алған. Бүгінгі күні Мұзаппаров Пазыл Ғазизұлы жеңіп алған грант қаражатына қажетті құрал-жабдықтарды сатып алып, өз кәсібін дамытуда.

сонан соң мейман «Ақтөбе и К» ЖШС «Алтын құс» фабрикасының жұмысын көрді. «Алтын құс» фабрикасы «2021-2025 жылдарға арналған Агроөнеркәсіп кешенін дамыту» жөніндегі ұлттық жоба аясында ашылған. Фабриканың негізін қалаушы Қармақшы ауданы, Ақтөбе ауылының тұрғыны Нұрлан Іздібаев.

2023 жылдың қыркүйек айында құс фермасы іске қосылып, алғашқы 50 мың дана жұмыртқа инкубациялық цехқа салынып, 12 қазан күні балапандар шығарып, 16 қараша күні сойыла бастады. «Қармақшы құс» фабрикасында 47 тұрақты жұмыс орындарын ашу жоспарланса, нақты 52 жұмыс орны құрылды.

412878101_677819271203968_2834557342357476150_n.jpg

Тағы да оқыңыз: