Kyzylorda-news.kz Бүгінде елімізде қоғамдық тәртіпті сақтау, азаматтардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету және қоғамдық мүлікке ұқыпты қарау мәселесіне ерекше мән берілуде.
Бұл бағыт 2026 жылғы 1 шілдеден бастап күшіне енген Қазақстан Республикасының жаңа Конституциясында бекітілген заң мен тәртіп үстемдігі, қоғамдық жауапкершілік және тарихи-мәдени мұраны сақтау қағидаттарымен сабақтас.
Қоғамдық орындардағы мүлікті қасақана бүлдіру, тарихи және мәдени ескерткіштерге зиян келтіру, абаттандыру нысандарын, аялдамаларды, орындықтар мен өзге де инфрақұрылым элементтерін қирату – қоғамға ортақ құндылықтарға нұқсан келтіретін әрекеттер.
Соңғы жылдары тарихи ескерткіштерді, мәдени құндылықтар мен қоғамдық мүлікті қасақана бүлдіру фактілері қоғамда алаңдаушылық туғызып отыр.
Сынған аялдама әйнектері, қираған орындықтар, бүлінген нысандар, жыртылған хабарландырулар – вандализмнің қарапайым көріністері ғана.
Мұндай әрекеттер қоғамдық тәртіпке нұқсан келтіріп, ортақ мүлікке зиян келтіреді. Вандализм – жай ғана бұзақылық емес. Қоғамдық мүлікті бүлдіру заң талаптарына қайшы және ол үшін жауапкершілік қарастырылған.
Мемлекет басшысы да қоғамдық тәртіпті сақтау мен вандализмнің алдын алуға ерекше назар аударып келеді. Ортақ мүлікке құрмет – ортақ жауапкершіліктен басталады.
Қоғамдық тәртіпті сақтау мен тарихи-мәдени мұраны қорғау – заң талаптарын орындаумен қатар, елдің ортақ құндылықтарына деген құрметтің көрінісі.
Бүлдірме. Қиратып-жойма. Қоғамдық тәртіпті сақта! Вандализмге көз жұма қарамай, оның алдын алу – баршамызға ортақ міндет.
