Вакцина салғызғандар баса мән беруге тиіс симптомдар аталды – Kyzylorda News
Басты бет

Вакцина салғызғандар баса мән беруге тиіс симптомдар аталды

01.12.2021, 15:00

451 0

Kyzylorda-news.kz. Коронавирусқа қарсы вакцина салғызған адамдарды жөтел қысса немесе түшкіре бастаса алаңдауға себеп бар.

Осы симптомдар аяқ асты анықталса, үйден шықпау керек және коронавирусқа қарсы тест тапсыру қажет болады.

Себебі түшкіру мен жөтел инфекцияның таралуына себепші болады. Алайда басқа да ауру белгілері туралы ұмытпаған жөн. Мысалы иіс немесе дәм сезу қабілеті төмендейді.

Мақала авторлары әлемде коронавирустың омикрон-штамы таралуы кезінде COVID-19 қайта белең алуы байқалғанын жазды. Ғалымдардың болжамы бойынша, жаңа штамм вакцина мен табиғи иммунитетке әлдеқайда төзімді болуы ықтимал.

Оңтүстік Африка республикасындағы дәрігер Кутзее коронавирустың «омикрон» штамының ең басты симптомы қатты шаршау екенін айтты.

Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы жұмада өткен шұғыл отырыста B.1.1.529 жаңа штамына алаңдаушылық білдіріп, оған грек алфавитіндегі 15-ші әріптің атауын беріп, «омикрон» деп атады.

Еуроодақ пен басқа да көптеген мемлекет Африканың кейбір елінен келген азаматтарды өз аумағына кіргізуге шектеу енгізді.

Sputnik.kz