Kyzylorda-news.kz Жиырма жыл бойы халыққа қалтқысыз қызмет етіп, өзінің кәсібіне деген адалдығымен ерекшеленген – Асанова Шолпан Әбдіжаппарқызы зейнеткерлікке шығып отыр. ХҚКО ұжымы әріптестерін ерекше құрметпен шығарып салды.
Шолпан Әбдіжаппарқызы — ХҚКО алғаш ашылған сәттен бастап еңбек еткен тәжірибелі маман, нағыз еңбек майталманы. Еңбек жолының әрбір күнінде халықпен тікелей жұмыс жасап, әрбір келушіге жанашырлықпен қарап, мемлекеттік қызметтің сапалы көрсетілуіне үлес қосты.
Бүгінде ол – тек еңбек жолының емес, тұтас бір дәуірдің айнасындай тұлға. Өмірінің 20 жылын халыққа адал қызмет етуге арнаған Шолпан Әбдіжаппарқызы енді жаңа бір белеске, зейнеткерлік өмірге қадам басуда. Бұл еңбекпен өткен жылдардың лайықты жалғасы, құрметпен көмкерілген сәт.