Kyzylorda-news.kz  Уылдырық шашу – балықтардың жетілген уылдырықтары мен ұрықтарын шашып, ұрықтандыруы. Көптеген балық түрлерінің ұрықтануы сыртқы ортада, ұрғашыларының денелерінен аулақ, суда, шабақтарының өсіп-жетілуіне қолайлы, белгілі бір жерде өседі. Балықтардың көптеген түрлері уылдырық шашу үшін өзенмен бірнеше мың шақырым жерге көтеріледі. Бұл туралы Қызылорда облыстық жануарлар дүниесін мемлекеттік қорғау жөніндегі мамандандырылған мекемесінің инспекторы С.Пирниязов баяндады.

Оның айтуынша тұщы су балықтары уылдырығын тасқа, өсімдіктерге және уылдырығын судың қалың ортасына салатындар бар. Теңіз балықтары уылдырықтарын су түбіне немесе суға шашады. Суық су қоймаларында балықтар көктемде, жазда және күзде уылдырық шашады. Ал, тропикалық суларда жыл бойына шашады.

Көктем мезгілінде Қазақстан Республикасында уылдырық шашу кезінде балық аулауға тыйым салынады. Тйым салынған уылдырық шашу кезінде балық аулаған азаматтар айтарлықтай айыппұл төлеуге міндеттеледі. Біздің елімізде іс жүзінде барлық балық мекендейтін тұщы су айдындарында балықтар уылдырық шашу арқылы көбейеді. Алдымен аналық уылдырықтарын шашады, одан кейін аталықтар шәуеттерін шашып, уылдырықтарын ұрықтандырады.

Уылдырық шашар алдында балықтар су айдындардың ағысымен жағалауларына шыға бастайды. Балықтардың уылдырықтарының саны балық түрлеріне қарай әртүрлі болады және жыл сайын өзгеріп отырады. Мысалы, тұқымшамен 1,5 млн уылдырық береді, ал жайын балықтары өте аз мөлшерде уылдырық шашады – шамамен 500 уылдырық.
Айта кететін жайт, уылдырықты тек жыныстық жағынан пісіп-жетілген аталықтар мен аналықтар ғана шашады. Уылдырық шашу кезінде судың температурасы маңызды рөл атқарады. Өйткені, балықтың өзі де, уылдырықтарда  сыртқы өзгерістерге өте сезімтал болып келеді. Сонымен қатар, су температурасы мен оның гидрохимиялық құрамы балықтарға сәйкес келмесе, онда мұндай су айдындарында олар ешқашан уылдырық шашпайды.

Алайда, кейбір балық түрлері, соның ішінде жыртқыш балық түрлері суық суда да уылдырық шаша береді.

Уылдырық шашар алдында, балықта қарқынды қоректене бастайды, қоректену рациондары да өзгереді, ұсақ омыртқасыздардан бастап, су құрттарына дейін қоректенеді. Балық аулаушылар балықтарды еліктіру үшін құрттарды, жауын құрттарын пайдаланады, осы кезде балықтар қармаққа оңай түсіп калады.

Фото: Нұрболат Нұржаубай
 

Тағы да оқыңыз: