Абай Құнанбаев – қазақ әдебиеті тарихында үлкен із қалдырған, ірі тұлға. «Адам өмірінің мақсаты – кемелдену мен жетілу»- деген ұлы Абайдың сөзі, қазақ оқырманын жан-жақты кемелденіп, рухани жетілуге бастайды. Себебі, біз Абай Құнанбаевтың шығармашылығынан өзімізге қажетті руханилықты табамыз. Өмір мен қоғамды барлап, болашақты болжап жазған әр шығармасы – осы шыңға шығар жолындағы баспалдақ.

Өзі өмір сүрген кезеңде, даланы торлаған надандық түнегіне ол шамшырықтай сәуле төгіп, рухани байлыққа апаратын жолды өз халқына талмастан көрсеткен ақын. Абай мұрасының тәрбиелік мәні, тағылымдық бағыт бағдары турасында сөз қозғағанда, алдымен, Абайдың әдеби бай мұрасы ойға оралады.

Бар асылын, ойын замана жастарына, келер ұрпаққа да арнады. Оның шығармашылық қызметінің негізгі мұраты – адам тәрбиесі.

Абай шығармасының саябағында өсу, тәрбие алу – мүмкіндігіне биылғы жылы үлкен жол ашылып отыр. Атап айтқанда, қазақтың бас ақыны ұлы Абай Құнанбаевтың 175 жылдығы кең көлемде аталып өтіледі.

Поэзияда, музыкада, жалпы әдебиет саласында Абай өлмес-өшпес шығармаларымен, қазақ халқымен мәңгіге бірге жасап келеді, жасай береді. Барша қазақ оқырмандарын, ұлы Абайдың шығармаларымен сусындауға шақырамын.

Мирамкүл ӨТЕГЕНОВА,

Арал қалалық балалар кітапханасының меңгерушісі

Тағы да оқыңыз: