maslihat_sailauy

Kyzylorda-news.kz.  Сырдария ауданында партияның облыстық филиалы жанындағы «Miras» аймақтық кеңесінің көшпелі отырысы өтті. Отырысқа партияның облыстық филиалы Атқарушы хатшысының орынбасары Алтынбек Жарылқасынов қатысып, кеңес алдындағы міндеттерді кеңінен айтып өтті.

Көшпелі отырырыста Сырдария ауданындағы тарихи-мәдени нысандардың жай-күйі мен ұрпақ тәрбиесі мәселесі талқыланды.

Сырдария ауданы тарихи орындарға бай. Мәселен аудан көлемінде 59 тарихи-мәдени мұра обьектілері бар. Оның 4-і республикалық, 13 –і жергілікті, сонымен қатар 42 ескерткіш алдын-ала тізімге алынған. 59 ескерткіштің 15-і археологиялық, 44-і қала құрылысы және сәулет ескерткіші болып бөлінеді.

Көшпелі жиын алдында кеңес мүшелері бірқатар нысандарды аралап, кемшіліктерді де бағамдаған болатын. Күн тәртібен сәйкес алдымен осы бағытта ауданда атқарылған жұмыстарды тыңдады.

Сырдария ауданындағы тарихи-мәдени нысандардың жай-күйіне байланысты Сырдария аудандық мәдениет және спорт бөлімі басшысының міндетін атқарушы Жеңісбек Төралиев хабарлама жасап, атқарылған және жоспарланған жұмыстарды жеткізді.

Тәрбие мәселесі бүгінгі таңда өте өзекті болып тұр. Жасөспірімдер арасында жаппай төбелес, суицид, зорлық-зомбылық әрекеттері белең алуда. Бұл ұлт тамырына балта шабады. «AMANAT» партиясының сайлауалды бағдарламасында «Ұлттық тәрбие - ұлт болашағы» тұжырымдамасын дайындау қарастырылған. Тәрбие мәселесі барлығымызға ортақ. Сондықтан осы мәселені барлық құзырлы органдар мен зиялы қауым өкілдері, ата-аналар, ұстаздар, қоғам болып бірлесіп шешуіміз керек»,- деген Кеңес төрағасы Баймырза Қожамберлиев ауданында бұл мәселе бойынша жағдай көңіл көншітпейтінін атап өтті. .

«Мәселен, ерте жүктілік бойынша жыл басынан 5 айдың ішінде Сырдария ауданында 3 жағдай тіркелген, Өткен жылы 2 суицид тіркелген. Сырдария секілді кішкентай ауданға, бұл үлкен мәселе»,-деді Кеңес төрағасы.

Бұл бағытта жасалып жатқан жұмыстармен аудандық білім бөлімінің басшысы Берік Жәнібеков атап өтті.

Бүгінгі күні аудандағы 5 қосымша білім беру ұйымы мен оның филиалдарына 1400 бала, аудандық спорт мектептеріне 1500 бала тартылған. Сонымен қатар, мектептердегі үйірмелерге 4000- ға жуық бала қамтылып отыр. Балалар мен жасөспірімдер арасындағы қаңғыбастық пен қадағалаусыздықтың, құқық бұзушылық, суицид, зорлық-зомбылықтың алдын алу мақсатында ведомствоаралық іс-шаралар жоспары бекітілген. Жоспарға сәйкес ұйымдастырған 250 шараға (лекция, жиналыс, дөңгелек үстел т.б.) 2300 адам қатысты. Оның ішінде, 1500 оқушы және 800 ата-ана бар. Іс-шаралар барысында ата-аналарға психологтардың кеңестері беріліп, полиция департаментімен әзірленген жадынамалар таратылды. Аталған жиналыстарда ата-аналарға бала денсаулығы мен өміріне келетін зиянды әрекеттер туралы Заң аясында түсіндірілді», дейді білім бөлімінің басшысы.

Бұдан бөлек қиын жағдайға тап болған отбасыларды анықтау бойынша мектептерде 17 әлеуметтік педагог арнайы оқудан өткен. Осал топтағы балалардың тұрмыс сапасын жақсарту үшін арнаулы әлеуметтік қызмет көрсетіліп келеді. Ағымдағы жылы 10 отбасының 24 баласы сүйемелдеуге алынып, 80-ге жуық оқушыға арнаулы әлеуметтік қызмет көрсетілген. Салааралық байланыс арқылы 3 отбасы қиын жағдайдан шығарылған.

Жиын барысында Кеңес мүшелері күн тәртібіндегі мәселелерге қатысты өз ойларын ортаға салып, жұмысты жетілдіруге қатысты ұсыныстарын білдірді.

356384165_660272619471711_5829373372103820684_n.jpg

Тағы да оқыңыз: