Kyzylorda-news.kz Қорқыт ата атындағы Қызылорда университетінің Басқарма төрағасы – ректор Наурызбай Байқадамов Экономика және құқық институтының профессор-оқытушылар құрамымен кездесті.
Басқосуда Мемлекет басшысының Жолдауында айқындалған міндеттерге тоқталды. Жиын барысында білім беру сапасын арттыру, оқу үдерісін жетілдіру, дуальді оқытуды дамыту және студенттерге қолайлы академиялық орта қалыптастыру мәселелері қозғалды. Университет басшысы осы бағыттағы жұмыстардың нәтижелі жүзеге асуында оқытушылардың кәсіби біліктілігі мен жауапкершілігінің маңызын атап өтті.
Кездесу барысында академиялық мәселелер, стратегиялық даму, цифрландыру, ғылым және халықаралық байланыстар бағыттары бойынша алдағы уақытта атқарылатын жұмыстар талқыланды. Білім алушылардың мүмкіндіктерін кеңейту, инклюзивті білім беруді дамыту, академиялық ұтқырлық бағдарламаларына қатысу, жасанды интеллектіні оқу үдерісіне енгізу және университеттің халықаралық рейтингтердегі көрсеткіштерін арттыру жөніндегі жоспарлар ортаға салынды
Жиын ашық пікір алмасу форматында өтіп, оқытушылар өздерін толғандырған мәселелерді көтеріп, оқу үдерісі мен университет қызметін жетілдіруге қатысты ұсыныстарын білдірді.

