Kyzylorda-news.kz. Қызылорда облысы бойынша экономикалық тергеп-тексеру департаментінің қызметкерлері «Қорқыт Ата» атындағы Қызылорда университетінде өткен республикалық ғылыми-практикалық конференцияға қатысып, «Қаржылық сауаттылық және қаржылық қауіпсіздік негіздері» тақырыбында дәріс оқып, бейнематериалдармен бөлісті.
Университеттің «құқықтану» кафедрасының 30 жылдығына арналған шаралар аясында өткен конференция жұмысына құқықтану кафедрасының оқытушы-профессорлар құрамы, студенттермен бірге Астана қаласынан Л.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінің және Алматы қаласынан Абай атындағы Қазақ ұлттық университетінің аудиториялары бейнебайланыспен қатысты. Университет лекторларынан бөлек облыстық прокуратураның, ҚР Жемқорлыққа қарсы күрес агенттігі облыстық департаментінің, облыстық экономикалық соттың өкілдері сөз сөйледі.
Конференцияға Қаржылық мониторинг агенттігінің қызметі туралы бейнеролик пен Департаменттің аса маңызды істер жөніндегі жедел уәкілі Дәулет Күдебаевтың тақырыптық баяндамасы ұсынылды. Тартымды дәріс үшін конференция модераторы Департамент спикеріне алғыс білдірді. Студенттер тарапынан қойылған экономикалық тергеу органдарына қызметке келу мен ҚР Бас прокуратурасы жанындағы құқық қорғау академиясына түсу туралы сұрақтарға жауап берілді.
Осы тақырыптағы конференциялар мен семинарлар оқу жылының соңына дейін жалғасатын болады.
Қызылорда облысы бойынша экономикалық тергеп-тексеру департаментінің қызметкерлері «Қорқыт Ата» атындағы Қызылорда университетінде өткен республикалық ғылыми-практикалық конференцияға қатысып, «Қаржылық сауаттылық және қаржылық қауіпсіздік негіздері» тақырыбында дәріс оқып, бейнематериалдармен бөлісті.