Kyzylorda-news.kz Қорқыт ата атындағы Қызылорда университетінің Психологиялық қолдау орталығы Экономика және құқық институтының «Әлеуметтік жұмыс» білім беру бағдарламасының студенттеріне «Команда құру және нәтижелі коммуникация» тақырыбында тренинг өткізді.

Тренингтің мақсаты – білім алушылардың өзара таныстығын арттыру, топтық ынтымақтастықты нығайту және тиімді қарым-қатынас дағдыларын дамыту.

Тренинг барысында студенттер тыңдай білу, өз ойын еркін әрі нақты жеткізу, ортақ түсіністікке келу бағытында тәжірибе жинақтады. Сондай-ақ сенімділік, ашықтық пен эмпатияны қалыптастыруға арналған топтық тапсырмалар мен психологиялық жаттығулар орындады.

Іс-шара білім алушылардың бірлесіп әрекет етуіне, өзара қолдау көрсетуіне және топ ішінде жағымды психологиялық ахуал қалыптастыруына ықпал етті.

Тағы да оқыңыз: