Kyzylorda-news.kz Қорқыт ата атындағы Қызылорда университетінің студенттері «Таза Қазақстан» жалпыұлттық жобасы аясында 19-23 қазан күндері ұйымдастырылған «GREEN ARAL: VOLUNTEERS FOR LIFE 2026» халықаралық волонтерлер апталығына қатысты.

Халықаралық апталық Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың бастамасымен БҰҰ жариялаған Тұрақты даму мақсатындағы Халықаралық волонтерлер жылына орай ұйымдастырылды.

Арал ауданында өткен іс-шараға Өзбекстан, Қырғызстан және Қазақстанның 10 өңірінен келген 100 ерікті қатысты. Бастама жастар арасында волонтерлік қозғалысты дамытуға, экологиялық мәдениетті қалыптастыруға және халықаралық ынтымақтастықты нығайтуға бағытталды.

Бағдарлама аясында қатысушылар волонтерлік қызметтегі тәжірибелерімен бөлісіп, экологиялық жобалары мен бастамаларын таныстырды. Сондай-ақ қоршаған ортаны қорғауға қатысты өзекті мәселелерді талқылап, оларды бірлесіп шешудің тиімді жолдарын қарастырды.

Студенттер волонтерлер апталығына қатысты 2.jpeg

Тағы да оқыңыз: