Қорқыт ата атындағы Қызылорда университетінде «Жас заңгер» ғылыми-зерттеу үйірмесінің ұйымдастыруымен «Legal Talks: Заң және жастар» атты сайыс өтті.

Сайысқа заң білім беру бағдарламасы бойынша білім алушылар қатысып, құқықтық білімдерін, шешендік қабілеттері мен шығармашылық шеберліктерін көрсетті.

Іс-шара төрт кезең бойынша ұйымдастырылды. Қатысушылар «Заңгерлік көпбұрыш», «Құқықтық аукцион», «Қазақ дәстүрі және құқық», «Өнерлі топ – өрелі топ» кезеңдерінде бақ сынады. Кезеңдер аясында студенттер құқықтық сұрақтарға жауап беріп, заң нормалары мен қазақтың дәстүрлі құқықтық құндылықтары бойынша білімдерін ортаға салды.

Сайыс қорытындысы бойынша:
І орын – Ю-26-1 тобы;
ІІ орын – Ю-26-9 тобы;
ІІІ орын – Ю-26-3 тобы.

Жүлделі орындарға ие болған командалар марапатталып, қалған қатысушыларға алғыс хаттар табысталды.

Сайыс студенттердің құқықтық сауаттылығын арттыруға, кәсіби білімдерін жетілдіруге және болашақ заңгерлердің шешендік әрі шығармашылық қабілеттерін дамытуға бағытталды.

FB_IMG_1793070019385.jpg

Тағы да оқыңыз: