Kyzylorda-news.kz Ұлытау облысы Жаңаарқа ауданында орналасқан «Қазақмыс корпорациясы» ЖШС-ның «Жомарт» кенішінде апат болды.
Ресми дерекке қарағанда, шахтада тау массасы құлаған.
- Төтенше жағдай аймағында шахтаның 7 қызметкері қалды. Қазіргі уақытта «АСС Серіктес» ЖШС құтқару бөлімшелері мамандары авариялық-құтқару жұмыстарын жүргізуде.
Апат орнына Ұлытау және Қарағанды облыстары ТЖД күштері мен құралдары, оның ішінде кинологиялық есептоптар, Қазақстан ТЖМ Апаттар медицинасы орталығының медицина қызметкерлері мен психологтары дерек жіберілді, - деп жазды ТЖМ баспасөз қызметінен.
ТЖМ Командалық орталығы және Ұлытау облысының ТЖД базасында жедел штабтар жұмыс істеуде.
Фото: ekaraganda.kz / Instagram