Kyzylorda-news.kz. Ұлыбритания патшайымы II Елизавета 96 жасында қайтыс болды. Ол Балморал сарайында дүниеден өтті. Бұл туралы британдық СІМ Елизавета II ресми Мемлекет басшысы болған 15 елдің үкіметіне, сондай-ақ Ұлттар достастығына мүше 38 елдің басшылығына хабарлады.

Патшайымның қайтыс болғаны туралы хабарланғаннан кейін Лондонның орталығындағы барлық үкіметтік ғимараттардағы мемлекеттік ту түсірілді.

Патшайымның ұлы ханзада Чарльз және басқа да отбасы мүшелері Шотландиядағы резиденциясына келіп, онымен бірге болды.

Тағы да оқыңыз: