Kyzylorda-news.kz Қызылорда облыстық ардагерлер кеңесінің өкілдері қазалылық Тілеуберген Тобабергенов пен сырдариялық Яхия Тасыровты Жеңіс күніне орай облыстық ардагерлер кеңесінің құттықтауын тапсырып, құрмет көрсетті.
– Жеңіс күні бұл – өткенге тағзым, бүгінге тағылым, болашаққа аманат. Ол батыр бабаларымыздың қанымен жазылған ерліктің символы, қайсарлық пен ерліктің мәңгілік ұраны. Халқымыздың батырлығы мен ержүректігін, елге деген адалдығы мен отансүйгіштігін әлемге танытқан тарихи мереке. Біз сол ұлы ерліктің алдында тағзым етіп, бейбіт өмірдің қадірін терең сезінеміз. Ардагерлерге деген құрмет бұл тек алғыс емес, ол – ұлттың ұрпағына артылған аманат. Біз олардың ерлігін ешқашан ұмытпаймыз, – деді облыстық ардагерлер кеңесі төрағасының орынбасары Өмірбек Шәменов.