Kyzylorda-news.kz. Терроризмге қарсы орталық 2019 жылды қорытындылады, деп хабарлайды SputnikҚазақстан. 

Орталықтың кезекті отырысын Ұлттық қауіпсіздік комитетінің басшысы Кәрім Мәсімов өткізді. 

“Еліміздің әр түрлі аймақтарында 7 радикалдық топтың және 34 жеке тұлғалардың қылмыстық әрекеттері бейтараптандырылды”, – делінген хабарламада. 

907 тұлға радикалды көзқарастан бас тартқан. Бас бостандығынан айыру орындарында 162 сотталушы радикалсыздандырылды.

Сириядан оралғандармен жұмыс жүргізілді

Оңалту орталықтарында “Жусан” операциясы аясында елге оралған әйелдер мен балалар бар. Бұрынғы көзқарасынан әйелдердің үштен бірі бас тартқан. Өзгелерімен тиісті жұмыс жүргізіліп жатыр.

Заңсыз қару тасымалы

Қару мен жарылғыш заттар радикалды ортаға түспеуі үшін елде жаңа механизм енгізілген. Нәтижесінде мұндай 17 әрекеттің жолы кесілді.

Өнеркәсіптік жарылғыш заттар мен материалдарды, әскери бөлімдердегі қоймаларда ракеталық-артиллериялық қару-жарақты күзету режимі күшейтілді.

Тағы да оқыңыз: