**[Kyzylorda-news.kz.](https://kyzylorda-news.kz/) Терроризмге қарсы орталық 2019 жылды қорытындылады, деп хабарлайды** [**SputnikҚазақстан**](https://sputniknews.kz/incidents/20191220/12336694/UQK-qylmystyq-areket.html)**.**  Орталықтың кезекті отырысын Ұлттық қауіпсіздік комитетінің басшысы Кәрім Мәсімов өткізді.  > _“Еліміздің әр түрлі аймақтарында 7 радикалдық топтың және 34 жеке тұлғалардың қылмыстық әрекеттері бейтараптандырылды”, – делінген хабарламада._  907 тұлға радикалды көзқарастан бас тартқан. Бас бостандығынан айыру орындарында 162 сотталушы радикалсыздандырылды. #### Сириядан оралғандармен жұмыс жүргізілді Оңалту орталықтарында “Жусан” операциясы аясында елге оралған әйелдер мен балалар бар. Бұрынғы көзқарасынан әйелдердің үштен бірі бас тартқан. Өзгелерімен тиісті жұмыс жүргізіліп жатыр. #### Заңсыз қару тасымалы Қару мен жарылғыш заттар радикалды ортаға түспеуі үшін елде жаңа механизм енгізілген. Нәтижесінде мұндай 17 әрекеттің жолы кесілді. Өнеркәсіптік жарылғыш заттар мен материалдарды, әскери бөлімдердегі қоймаларда ракеталық-артиллериялық қару-жарақты күзету режимі күшейтілді.