Ұлттық халық санағы кезінде мұғалімдер жұмысқа тартыла ма? – Kyzylorda News
Басты бет

Ұлттық халық санағы кезінде мұғалімдер жұмысқа тартыла ма?

13.02.2020, 15:20

636 0

Kyzylorda-news.kz. Ұлттық халық санағын жүргізуге 32,5 мың адам тартылмақ. Бұл туралы ҚР Ұлттық экономика министрлігі Статистика комитетінің төрағасы Нұрболат Айдапкелов айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

«Ұлттық халық санағы кезінде мұғалімдер тегін түрде жұмысқа тартылмайды. Ақылы түрде, өз еркімен жұмыс істеуіне мүмкіндік беріледі. Жалпы, санақ жүргізуге қойылатын азаматтарға қойылатын талаптар: 18 жастан асқан Қазақстан Республикасының азаматы, бастамашыл, жауапты, тез тіл табысқыш болуы керек. Жұмыс өтілі мен кәсіби біліміне талаптар қойылмайды, тек планшетпен жұмыс істей білуі керек», – дейді Нұрболат Айдапкелов Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте.

Тұрғын үйлерге барған кезде интервьюерлерде халық санағының логотипі бар куәлік, сөмке, шарфтың болуы міндетті.

Еске салсақ, биыл қазанда өтетін Ұлттық халық санағы екі кезеңнен тұрады.

0

Пікір қалдыру